Қуаңшылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қуаңшылық.jpg
Қуаңшылықтан тілімделген жер

Қуаңшылық<ref>ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.</ref> - ауа температурасының күрт көтерілуі мен ылғалдың шұғыл азаюы әсерінен туатын күрделі метеорологиялық құбылыс. Ұзақтығы әр түрлі табиғи зонада түрліше болады.

Қуаңшылық тудыратын факторлар

Қуаңшылық зардабы

Үлгі:Main

Үлгі:Main

  • Малдың өсуіне зор нұқсан келтіреді;
  • Қуаңшылық аймақ тұрғындарын экономикалық күйзеліске ұшыратады.

Қазақстандағы қуаңшылықтар

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан дейін қуаңшылыққа қарсы қолданылатын агротехникалық шаралар кешені болмағандықтан, қуаңшылық аяғының жұтқа айналған кезеңдері (әйгілі Қоян, Мешін, Жылан, 1880, 1892, т.б. жылдар) болды, мал өсіруге зор нұқсан келтіріп, елді қатты күйзелтті. Үлгі:Main

Қазақстанда 1950, 1957, 1961, 1965, 1967, 1968, 1974, 1977 жылдары және 1952, 1953, 1969 жылдары тамыз, 1977 жылы маусым, 1956, 1962, 1974 жылдары шілде, 1980 жылы мамыр айларында қуаңшылық болды. Кейбір жылдары қатарынан бірнеше айға созылды. 1955 жылы - 2 ай (мамыр, маусым), 1975 жылы - 3 ай (маусым, шілде, тамыз).

Қазақстандағы қуаңшылық себебі

Қазақстанға Иран, Ауғанстан аймақтарында қалыптасатын, қысымы өте жоғары, құрғақ және ыстық антициклон өтіп, жаз бойы сақталады. Сібірден келетін ылғалды салқын ауа жоғары қысымды антициклонды бұзып өте алмай тоқтап қалады. Осылардың салдарынан Қазақстан даласында қуаңшылық болып тұрады.

Сурет:Қазақстанның атмосфералық қуаңшылық картасы.jpg
Қазақстанның атмосфералық қуаңшылық картасы.
<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Қуаңшылықпен күрес

Қуаңшылық әсерін кеміту үшін атмосфераның жер бетіне жақын қабатындағы ылғал мен жылу балансын реттеу мақсатында жерді арнайы агротехникалық әдіспен жырту, егістікті суару, қар тоқтату, ағаш алқабын жасау, астық тұқымын қолайлы уақытқа себу сияқты шаралар жүргізіледі. Қуаңшылық табиғаттың күрделі құбылысы, сондықтан көрсетілген шаралар кешенін қолдану қуаңшылықтың зиянды зардабын бәсеңдетуге септігін тигізеді.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

  • Агрономия негіздері (авторлар: Жаңабаев Қ., Арыстанғұлов С.) Астана - 2010. 352бет. ISBN 978-601-292-059-8