Ас-Салимийа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ас-Салимийа - Сахла ат-Тустаридің жолын куған тақуалар мен сопылар мектебі. Басрада X - XI ғ-ларда жұмыс істеген. Оның негізін ат-Тустаридің ең жақын серігі Әбу Абдаллах Мұхаммед ибн Сәлім (909 ж.ө.) қадаған. Кейбір жеке мәселелер болмаса, оның көзқарасы ұстазының тұжырымдарынан ауытқымайды. Мұхаммед ибн Сәлім қатал тақуалығы, өзін біржолата тәңірдің рухына бағыштауды, басқа түскен қиыншылыққа төзуді, некеге отырмауды, т.б. уағыздады. ас-Салимийа Мұхаммед ибн Сәлімнің баласы Ахмет ибн Сәлім басқарған кезде түпкілікті қалыптасып, ықпалы кұшейді. Оған маликтік мазһабты ұсынған және кейбір мәселелер жөнінде басралық мутазилашыларға жақындасын тақуалар мен сопылар кірді. Бағдат доксографтары Абд әл-каһир әл Бағдади, Әбу-л-Музаффар әл-Исфараини, солармен бірге ханбалшыл сопы Абд әл-Қадир әл-Жилани ас-Салимийаны әл-Халладжа көзқарастарымен ымыраластығы үшін қатаң сынға алып, оны «Тәңірдің адам бейнесіне айналуын» жақтаушыларға қосты. Бұдан бұрын оны белгілі шафиит сопы, «ибн Сәлімді теріске шығаруды» жазған ибн Хафиф сынаған еді. ас-Салимийа өкілдерінің шығармалары сақталмаған, тіпті олардың болмауы да мүмкін.

Ережелері

ас-Салимийаның Бағдаттағы қарсыластарының еңбектерінде ас-Салимийаның мынадай ережелері сыналады:

  1. Қайта тірілу кезінде Құдай Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) сияқты адам бейнесінде көрінеді, ол барша жайға періштелерғе, аруақтарға, адамдарға, бүкіл жан-жануарға, солардың әрқайсысына өздері танитын бейнеле көрінеді.
  2. Дінге сенбейтіндер (кәпірлер) Тәңіріні болашақ өмірінде ғана көріп, құдай олардан жауап алады.
  3. Құдайдың ерекше қасиеті бар; егер ол сол құпиясын ашатын болса, онда «тәңірлік дүние қалпы» тыйылады; Пайғамбарлардың да сырын ашса абыздығын жоғалтатын ерекше қасиеті бар; бұл қасиет діни білімді адамдарға (ғұламаларға) да тән - бұл жерде сөз тәңірі мен адамдар арасындағы дүние жаратылғанға дейін жасалған келісім шарт туралы болып отыр.
  4. Құдай пенделерінің қалтқысыз мойынұсынуын қалайды және олардың мойындамауын қаламайды, бұлардың екеуін де істейтін адамдар, бірақ оларды жасаушы емес.
  5. Құдайдың болмайтын жері жоқ, бұл тұрғыда оған «орнатылған» тақ пен кез келген басқа орынның арасында айырмашылық жоқ. Тұтас алғанда ас-Салимийаның Бағдаттағы сыншылары антимутазилашыл және антижахмдік бағыт ұстады.

Мектебі

ас-Салимийа мен оның басшысы Ахмет ибн Сәлім сопылық негізгі екі трактаттың авторлары - Әбу Насыр ас-Саррадж ат-Туси (Китаб әл-лума) мен Әбу Талиб әлМакки (Кут әл-Кулуб) көзқарастарын айтарлықтай ықпал етті. Бұлардың соңғысы Бағдатта ас-Салимийа көзқарастарын насихаттады. Әл-Газали өзінің «Ихйа улум әд-Дин» деген атақты еңбегін жазу барысында «Кут әл-кулуб» материалдарын барынша пайдаланды. Ат-Тустари негізін қалап, ас-Салимийа одан әрі дамытқан дәстүр әл-Газали мен әл-Мекки арқылы «Әлмерия» мектебінің солтүстік африкалық сопылары ибн Барраджан (1141 ж.ө.) мен ибн Ариф (1141 ж.ө.) еңбектеріне, ал солар арқылы ибн Арабиға (1240 ж.ө.) жетіп, Кіші Азияға, Иран мен Үндістанға тарады. Л.Массиньоннын жорамалдауынша ас-Салимийа көзқарастарын Әбу Мадиан арқылы шазиллийлердің солтүстік африкалық бауырластығы мирас еткен.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub