Асқазандық диспепсия
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Асқазандық диспепсия - асқорыту жүйесінің жиі кездесетін ауруы. Бірқатар симптомдармен сипатталады: жүрек айну, құсу, кекіру, аузында ашты дәм, күйдіру.
Себептері:
- Ұлтабар және асқазанның ойық жарасы
- Антралды гастрит, дуоденит
- Сүлелі холецистит
- Өт тас ауруы
- Жүйке жүйесінің аурулары
- улану
- инфекция
- жүктілік
Диагностикасы:
- Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау
- Зерттеудің эндоскопиялық әдістері
- Helicobacter pylori анықтау
Емі:
- диета;
- антисекреторлы препараттар: холинолитиктер, антацидтер, Н2-блокаторлар, протонды помпа блокаторлары;
- антиоксиданттар, иммуномодуляторлар;
- антихеликобактериалды ем: протонды помпаның блокаторлары, висмут, метронидазол, тетрациклин, кларитромицин, азитромицин;
- антидепрессанттар
Дереккөздер
<references/>
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том