Аспақтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аспақтау - байырғы ортада қолданылған жазалау әдісі. Бірінші түрі - ауыр қылмыс істеп жазалы болған адамдарды (екі адамды) шөгерілген атан түйенің екі жағына мойнынан тұзақтап байлаған. Түйе тұрған кезде адам аяғы жерге жетпей асылып жан тәсілім еткен. Екінші түрі - шөгерілген екі түйенің ортасына өркеш тұсынан көлденең ағаш бекітіледі. Екі қолы артына қайырылып кісенделген қылмыскерді мойнынан тұзақтап, арқанды ағашқа байлайды. Түйелерді тұрғызғанда қылмыскер асылып қалады. Есімдері ауыз әдебиетінің қайғылы образдарына айналған Қодар мен Қамқа рулық тәртіптің (шежірелік жосынның) ежелден қалыптасқан нормалары мен принциптерін өрескел бұзғандары үшін рубасылары мен билердің ұйғарымымен осындай тәсілмен өлтірілгені тарихтан белгілі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аспақтау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}