Асмалдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асмалдық- сән, салтанат кезінде түйелерге жабылатын сәнді жабу түрі. Асмалдықты көбіне көшкенде немесе той-думандарда пайдаланған. Асмалдық оюланып, әшекейленіп жасалады. Мойнына асатын немесе басына қадайтын жібек шашақты ызба түрлері болады.

Қазақстан Республикасының Mемлекеттік Oрталық Mузей қорында (КП 25496-4) көк түсті пүліштен істелген асмалдық сақтаулы. Көлемі 212x207 см. Оның орта тұсынан қос өркеші сыятындай етіп, екі тілік тесік шығарылған. Ортасына қоңыр түсті барқыттан төрт құлақтьі тұлга мүйіз, ал асмалдықтың жиегін айналдыра сыңар өкше өрнегі қиыстырылып тігілген. Шетін айналдыра иірілген мақта жіптен шашақ төгілген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Асмалдық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}