Арыс-Түркістан каналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арыс-Түркістан каналыОңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы жер суармалауға арналған канал.


1967 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы — 194 км. Канал — Арыс және Түркістан деп аталатын екі тармақтан тұрады. Арыс тармағы Арыс өзеніндегі Қарааспан су бөгетінен басталып, Бөген бөгеніне құяды. Ұзындығы — 51 км. Секундына 15 м3-ге жуық су өткізеді. Түркістан тармағы Бөген бөгенінен басталады. Ұзындығы — 145 км- ге жуық, Түркістан қаласының, Отырар, Ордабасы аудандарының 57 мың га-дан астам жерін суландырады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}