Бөген бөгені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бөген бөгені , Оңтүстік Қазақстан облысында, Бөген өзенінің төменгі ағысында орналасқан. 1967 жылы пайдалануға берілген. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан, Ордабасы ауданы, Отырар ауданы аудандарының егістігін сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Аумағы 65 км2, ұзындығы 13 км, ені 6 км, орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 15 м. Жиналатын су көлемі 377 млн м3. Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады. Суы тұщы. Бөген бөгенінде шармай, Түркістан шабағы, торта, табан, сазан, жайын, көксерке, дөңмаңдай, ақ амур, т.б. балықтар өсіріледі. Жылына шамамен 300 т балық ауланады.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>