Арыстан Баб Қорымы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Арыстан Баб Қорымы, Ақирек биігінде орналасқан. Бұл баба жөнінде алғашқы деректерді Қазалыда қызмет істеген ғалым И.Аничков жинаған. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Сырдария, Қамыстыбас, Райым көлдерінің ортасында арал болыпты. Басында бұлақ та болған көрінеді. Оны үдере көшкенде қарақалпақтар бұзып кеткен деседі. Бүгінде баба басына келіп ем алушыларға, зиярат етушілерге арналып үй салынған.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, I-том