Артиллериялық зеңбірек
Артиллериялық зеңбірек — снарядты (миналарды) атуға арналған 20 мм және одан жоғары калибрлі ұңғылы қару түрі.
Құрлықта, теңізде, әуеде қарсыластың адам күшін және атыс құралдарын жою, оның қорғаныс құрылысын қирату және баска да тапсырмаларды орындау үшін қолданылады.
Артиллериялық зеңбіректің әрекет ету принципі ұңғыдағы оқ-дәрі зарядының жану энергиясының снарядтың жылжу энергиясына айналуының физикалық-химиялық процесіне негізделген. Бұл процесс дыбыстық, жарықтық және жылулық әсерлермен қосарланады.
Артиллериялық зеңбіректің негізгі ұрыстық сипаттары:
- снарядтың қуаттылығы,
- атыстың дәлдігі,
- ату қашықтығы,
- ату жылдамдығы,
- атыс маневрлілігі,
- жорық және ұрыс алаңындағы жылжымалылығы,
- қолданудағы сенімділігі мен ыңғайлылығы,
- кез келген жағдайларда тоқтаусыз жұмыс істеуі.
- Animated gun turret.gif
Кемелік зеңбірек
- Zis2 nn.jpg
- "Members of a Negro mortar company of the 92nd Division pass the ammunition and heave it over at the Germans in an almos - NARA - 535546.jpg
Италияның Минаатқышы
- AA-gun-niva-1916.jpg
1916 жылғы зеңбірек
- Артеллирея.jpg
АҚШ-ның зеңбірегі
- Guerre 14-18-Artillerie de campagne allemande-1914.JPG
Немістердің зеңбірегі
Іс-әрекет жеріне және жойылатын нысана сипаттарына байланысты Артиллериялық зеңбірек жер үсті, зениттік, авиациялық, танктік, кемелік және жағалаулық болып бөлінеді. Сонымен катар жалпы және арнайы жағдайларға арналған Артиллериялық зеңбірек болып бөлінеді.
Ұңғы құрылысына байланысты Артиллериялық зеңбірек ойықты және тегіс ұңғылы болып келеді. Жылжымалылық (маневрлілік) дәрежесі бойынша Артиллериялық зеңбірек тұракты, жылжымалы негізде тұрақты (танктерде, ұшақтарда, кемелерде), сүйремелі, өзі жылжитын, өзі жүретін (шынжыр табанды немесе дөңгелекті шассиде), тасымалды, темір жолдық болып белінеді. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>
Сілтемелер
- Артиллерийское вооружение. Основы устройства и конструирование, Машиностроение, 1975, 420 c.
- История материальной части артиллерии (1904)
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>