Атыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атыс ұрыс тәсілі, жауды жоятын немесе әлсірететін негізгі әрекет. Көшпелі халықтардың ертеден қалыптасқан ұрыс тәсілдері бойынша майдандағы шайқас алдымен садақпен, кейін мылтықпен алыс қашықтықтан атыспен басталған. Атысты арнайы құралған садақшылар қосындары жүргізеді. Атыстың мақсаты — жаудың әскерін, аттарын құрту, шебін бұзу. Садақты ат үстінде тартатын көшпелі елдер әскерінің мергендері атыс кезінде жауды көп шығынға ұшыратқан. Кейде майдан алдындағы батырлар жекпе-жегі де атыс түрінде өтуі мүмкін. Онда батырлар кезекпен атысады да, кезек жасы, жолы үлкенге беріледі, ал екінші адам оққа қасқайып қарсы тұру керек.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref> Сондықтан жекпе-жек атыс асқан батырлықты, жүректілікті қажет етеді. Батырлардың жекпе-жекте атысуы қазақтың эпостық жырларында жиі суреттеледі. Мылтық пен оқ-дәрінің пайда болуына байланысты атыс негізгі ұрыс тәсіліне айналды. Әскери өнерде атыс жүргізу әдістері жан-жақты негізделген.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атыс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}