Артиллериялық дайындық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Артиллериялық дайындық — тікелей шабуылдың алдында өткізілетін артиллерияның ұрыс қимылдары мен шабуылы.

Артиллериялық дайындық ядролық, артиллериялық және т.б. атыс кұралдарын, адам күшін жою мақсатында өткізшеді, сондай-ақ шабуылдаушы әскерлерге карсынастың қарсылық көрсету мүмкіндігінен айыру мақсатында алдын ала ұйымдастырылған атыспен қарсыластың қорғаныс объектілерін құртуға арналады.

Белгілі бір уақытта басталып, шабуылдаушы бөлімшелердің шабуыл шебіне шығуымен аяқталды.

Артиллериялық дайындықтың ұзақтыгы мен құрылымы және оқ-дәрінің жұмсалуы қарсылас қорғанысының топтасуы мен сипатына, операция мәніне, қарсыласты жоюдың талап етілетін деңгейіне байланысты, сондай-ақ авиация, танк, ракеталық әскерлер орындайтын тапсырмалар есепке алына отырып анықталады.

Артиллериялық дайындық бір немесе бірнеше атыстық шабуылдаудан тұруы мүмкін. 1950 жылдардың соңынан бастап Артиллериялық дайындық шабуындағы атыс дайындығының құрамды бөлігі болып саналады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>

Тағы қараңыз

Артиллерия

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Артиллериялық дайындық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}