Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық келісім

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық келісім – Арал мәселелерімен айналысатын Орта Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз республикасы, Түрікменстан) елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 жылы 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған (қала Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім). Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық Кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі әліпби тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі, әлеуметтік - экономикалық , ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. «Сырдария» және «Әмудария» айдындық су шаруа басқармаларын кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арал қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 1 том

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub