Арал батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арал батыр (туған-қайтыс болған жылы белгісіз) — қолбасы. Қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Кіші жүздегі Кете руынан. Әжібай Балпашұлы бидің інісі. Жоңғарларға қарсы Абылай хан бастаған ұрыстарда көрсеткен ерліктері Олжабай Нұралыұлының “Сабалақ” дастанында суреттелген. Кіші жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған Арал батыр қазақ елінің Ресейге бодан болуына қарсы болды. 1738 ж. Әбілқайыр ханды қолдаған ру басылары Ресейге бодан болуға екінші рет ант бергенде құжатқа қол қоюдан бас тартқан. Арал батыр Жемнің төменгі ағысындағы Бақашы әулиенің қорымына жерленген.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}