Бақашы әулие

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақашы әулие, Бақашәулие, Бақашы — 18 ғасырдан сақталған қорым, архитекторлық ескерткіш. Атырау облысы Ембі өзенінің төменгі сағасында, Құлсары кентінің солтүстік-шығысына қарай 18 км жерде. 1979—1980 жылдары Қазақстан Мәдениет мин-нің экспедициясы (жетекшісі С.И. Әжіғалиев) зерттеген. Бұл жер ескі Ноғай жолы жайлы деректерде жиі аталады. Ел аузындағы аңыз Бақашы әулие есімін қазақтардың торғауыттарды осы өңірден түре қуған кезінде қалып қойып, бақа жеп күнелткен қалмақ (бір әңгімелерде қазақ) кемпірмен байланыстырады. Қорымда күмбезі бар, шикі кірпіштен тұрғызылған кесене болған. Ол да, бейіттегі көптеген басқа ескерткіштер де 19 ғасырдың ортасында-ақ қираған. 19 ғасырдың 2-жартысында қойылған жиырма шақты құлпытастар мен арқасына қабыршақ өрнек салып өңделген “қойтастар” қазақтың тас өңдеу өнері мен оның тарихын зерттеуге қажетті өте маңызды деректер береді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақашы әулие|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}