Араластырғыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Араластырғыш -

  1. механикалық араластыруға арналған құрал;
  2. механикалық араластыруды тікелей жүргізетін араластырғыштың элементі;
  3. материалдық ағындарды араластыратын аспап.

Шикі құрамды дайындау және араластыру үшін қолданылатын қондырғы. Қоспаларды механикалық араластыру келілерде немесе пішіні әр түрлі, құрылмалы арнайы араластырғыштарда орындалады. Кейде араластыру кезінде араластыру мен ұнтақтап үгу процестері қатар жүргізіледі. Келінің қабырғаларына жабысып қалған қоспаларды оның ортасына түсіріп, қайта араластырады. Араластырғыш шарлы немесе алдын ала шарлар мен сырық өзектер салынған диірмендерде де жургізіледі. Қатты заттарды араластыру үшін иінді араластырғыш қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref> Жұмыртқаның ағынан, қаймақтан, жидектен т. б. өнімдерден мусс және крем жасауға арналған құрал. Тұрмыста әр түрлі конструкциялы ара астырғышттар қолданылады — сым спиральді; болат қалақшалы; қолмен бұралатын механикалық, қолмен бұралатын доңғалақ түсті механикалық араластырғыштар. Қолмен бұралатын механикалық араластырғышты жұмыс істеу кезінде тікесінен орнату керек. Түрлі өнімдерді миксерде араластырған қолайлы.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Араластырғыш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}