Миксер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Миксер — салқын сусындарды, жұмыртқаны араластыру, коктейль, крем, соус, қамыр, езбе дайындау үшін пайдаланылатын құрал. Оған коллекторлық электр двигателі орнатылған. Аспаптар прибордың сыртқа ұмсындырылған білігіне не тікелей орнатылады («Армавир» және «Метеор» миксерлері), не корпусындағы қуысқа орнатылып, сол арқылы электрдвигательдің білігіне («Страуме» миксері) қосылады. «Метеор» мен «Армавирде» бұған қоса кофе, жаңғақ, шоколад үгіт етіп құралдар бар. Тұтынатын қуаты «Метеорда»—65 Вт, «Страумеде»—90 Вт, «Армавирде» —100 Вт. Электр двигательдің үзбей жұмыс істейтін уақыты 6 минуттай аспауы тиіс; бұдан кейін оны суыту үшін 10—15 минут өшіріп қою керек. Көкөніс пен жемісті ұсақтаған кезде алдымен тамырынан, сүйегінен, өзегінен мұқият тазалап алып салу қажет. Коктейль дайындама небары 20—30 секунд, белоктарды араластыру үшін 20—25 секунд керек. Пайдаланғаннан кейін миксердің барлық бөлшектерін мұқият жуып қойған жөн.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1</ref>

Мұз салған какао

2 стакан сүтті, 3—4 ас қасық құмшекерді, 3—4 шай қасық какао ұнтағын, 1 стакан мұзды (ұсақ кесек күйінде) қосып араластырады.

Таңсық соусы

3 ас қасық сірке суы, 5 ас қасық өсімдік майы, 2 помидор, .1 пияз (көкөністер турап салынады), 1—2 ас қасық туралған нетрушка көгі араластырылып, қажетке қарай тұз бен бұрыш қосады. Сірке суының орнына лимон шырынын құюға болады.

«Жеңіп» майонезі

8—7 ас қасық өсімдік майы, 1 жұмыртқа, кесектен туралған 1 алма, бір лимон шырыны, бір шөкім құмшекерге әркім қалауынша тұз қосып араластырады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Миксер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}