Араб тіліндегі Қазақстан туралы деректемелер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Араб тіліндегі Қазақстан туралы деректемелер

Араб тіліндегі Қазақстан туралы деректемелер- араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиетте 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардын тарихын,әсіресе , моңғол шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті , бағалы деректемелер мол. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретикалық мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесіне шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатысын дамытуының нәтижесінде көрші және жырақтағы елдерден де мәліметтер жинайды. Араб орта ғасыр тарихнамасының Қазақстан аймағына құштар болуы,біріншіден , арабтарға Орта Азиядан жаулап алған жеріне билігін нығайтуға,екіншіден қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға қажет болды.

Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер

Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классикалық тарихи шағармалардан белгілі еді. Әл-Балазури (9ғасыр) мен ат-Табаридың (9 ғасыр) шығармаларында 7 ғасырдың басы мен 8 ғасырда арабтардың басқыншылығына қарсы күрескен Орта Азия мен Қазақстан халықтары туралы маңызды мәлімет ұшырастырамыз. Арабтардың Онтүстік Қазақстаның кейбір аймақтарына асаған жорықтары да айтылады. Әл-Балазуридың (шыққан тегі ирандық) "Жорық кітабының" ("Китаб футух әл булдан") соңғы тарауында арабтардың Хорасан мен Орта Азияны жаулап алуы жазылған, "Пайғамбарлар мен патшалар тарихынан " ("Тарих ар-русул уа-л-мулук") жазған ат-Табари да ирандыққ болған. Ол жан-жақты білім алған ,халифаттың әр-түрлі қалаларына саяхат жасаған, ақырында ол Бағдатқа орнығып, ғұмырын ғылымға арнаған. Оның бізге еткен ықшадалған еңбегінде арабтарға дейінгі халықтардан мағлұмат беріліп , Халифаттың тарихы жылнама ретінде баяндалды.

Әл-Жаһиз

Ат-Табаридың замандасы,бағдаттық әл-Жаһиз(9 ғасыр) энциклопедиялық білімдар адам болған. ол - "Түркілердің лайықты қасиеттері" (" Манақиб әл-атрак") деген кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнографиясын тұңғыш рет сипаттаан ғалым. Әл-Жаһиз Аббасит әулеті халифтары ұландарының сапындағы түркі сарбаздары жайлы білетін араб оқырмандарын қызықтыратын тақырыптарды таңдады. Ол арабтың қала тұрғындарын таңдандыратын түріктің жауынгерлігін , олардың әдет-ғұрыпын жазды. Бұл жәйіттер халифат төңірегіндегі саяси топқа , әсіресе, түркі мәселесімен иі айналысатын Абас әулетінің уәзерлеріне де қажет еді.

Түркілер туралы мәліметтер

Түркілер туралы оның ішінде, жиі айтылатын түркі тайпалары (тоғыз, оғыз, қарлұқ , қимақ , қыпшақ , азкиш, түргеш т.б.) жөніндегі мәліметтер 8 ғасыр деректемелері болуы ықтимал. Ибн Хордадбек еңбегімен жазылу тәсілі ұқсас шығарма әл-Яқуби (9 ғасыр) мен Құдама ибн Жафар (10 ғасыр) жазбалары. Қазақстан түркілері жайындағы тарихи этногр. кең ауқымды материал тарихшы-географ әл-Якубидің (11 ғасыр) "Елдер кітабы" ("Китаб әл-бұлдан") деген геогрфиялық шығармасында бар. Бұл еңбегіне қарап оның жан-жақты хабардар екенін , әрі оның жазбаларында дерек әлде қайда нақты екені байқалады. Оның, әсіресе ,оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз. тоғызозық. мемлекеттері туралы мәліметтері аса маңызды.

Закрия әл-Казвини

Закрия әл-Казвини Иракта туған . Дамаскіде,Мосулда өмір сүрген. Ол бірімен бірі кіндіктес 2 тарихи-географиялық шығармасымен танымал. Оның алғашқасы "Жаратылыс ғажаптары" , 2-сі "Қалалар ескерткіші" деп аталады. Осы 2 кітапта 9-10 ғасырлардағы бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес оғыз қарлұқ ,жікіл ,қимақ тайпалары жөнінде тарихи-этнографиялық деректер жинақталған.

Қазақстан туралы жазған араб географ-тарихшылары


Дереккөздер

<references/>