Араб мифологиясы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Араб мифологиясы дегеніміз араб халқының ежелгі, Исламға дейінгі нанаым-сенімдері. Ислам діні келгенге дейін Меккедегі Қағба ғимаратының іші-сырты жын-шайтандардың, жартылай құдайлардың, тайпа құдайшықтарының және арабтардың политеисттік мәдениетінің басқа да құдайларымен толы болды. Исламға дейінгі құдайшықтардың көбісінің сипаттамасы пұттарға барып тіреледі, әсіресе Қағбаның қасындағы пұттарға. Олардың саны 360-қа жуық болған<ref name=armstrong>Үлгі:Cite book</ref>.
Құдайлар
- Һубал (Үлгі:Lang-ar) — арабтардың ең басты құдайшықтарының бірі. Оң қолы кесіліп, оның орнына алтын қол орнатылған адам кейіпіндегі пұт<ref>The Book of Idols (Kitāb al-Asnām) by Hishām Ibn al-Kalbī</ref>.
- әл-Лат
- әл-Узза
- Манат
- Манаф (Үлгі:Lang-ar)
- Уәдд
- Амм (Үлгі:Lang-ar)
- Талаб (Үлгі:Lang-ar)
- Зул-Халаса (Үлгі:Lang-ar)
- әл-Қаум (Үлгі:Lang-ar)
- Зуш-Шара (Үлгі:Lang-ar)
Ғажайып мақұлықтар
Жындар. Жақсы және жаман болуы мүмкін өзінің қалауы бар ғажайып мақұлық. Зұлым жындар адамдарды тура жолдан тайдырады деп есептелінеді.
Құбыжықтар.
- Наснас (Үлгі:Lang-ar) — «жартылай адам; жарты басты, жарты денелі, бір қолы және бір аяғы бар, жылдам секіріп жүретін құбыжық». Шикк деген шайтан мен адамның ұрпағы саналады<ref>Robert Irwin The Arabian Nights: a Companion (Penguin, 1994)</ref>.
- Қанішер (Үлгі:Lang-ar, ғул) — адам жоқ жерлерде гиена кейпінде өмір сүретін шайтан саналады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
- Баһамут (Үлгі:Lang-ar) — кейде бегемот немесе пілдің басы бар деп сипатталатын жерді тіреп тұратын алып балық<ref name="Borges">Үлгі:Cite book</ref>.
Сілтемелер
<references/>