Амангелді шыңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

Амангелді шыңы Іле Алатауының Кіші Алматы сілеміндегі Тұйықсу мен Богданович мұздықтары алабын бөліп тұрған шың. Биіктігі - 4010 м. Алматы қаласына таяу жердегі Абай шыңымен қатарлас.

Жер бедері

Амангелді шыңы – әсем гранит жартас. Алғашқы рет шыңға 1939 жылы В.И.Зимин бастаған Алматы альпинистері шыққан. Шыңның төбесінен Абай мен Мәншүк Мәметова шыңдарының, Богданович, Тұйықсу мұздақтарының, оңтүстік пен батыс жартасты тау бөктерінің және солтүстік пен шығыс кішкене мұз басқан тау бөктерінің керемет көрінсі бейнеленеді.

Альпинстік жорықтар

Қазіргі таңда Амангелді шыңы – альпинистердің арасында ең танымал «1 Б» маршрут. Жылы бойы бұл маршрут ашық болады.1999 жылдан бастап әр желтоқсан айында Амангелді шыңында альпинистер арасында жарыс ұйымдастырылады. Жарыс қазақстандық белгілі альпинист Букреев Анатолий Николаевичтің құрметіне арналған. Жүгіріс «Тауларда қайтыс болғандарға» деген мемориалдан басталып (Тұйықсу) Амангелді шыңының 3970 метр биіктігіне дейін болады. Ең жоғары рекорд – 1 сағат 15 минут 42 секунд – Қазақстанның аты шыққан альпинисті – Денис Урубкода. Осы жетістіктен асырған адамға ұйымдастырушылар сыйлық белгіленген.

Сілтеме

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Амангелді шыңы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}