Тұйықсу мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық Тұйықсу мұздығы - Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Кіші Алматы өзенінің бастауында, оншақты глетчерден тұратын мұздықтар (Молодежный, Туристер мұздығы, Маяковский, т.б.) мен асулар (З.Космодемьянская, Орджоникидзе, Маяковский, Партизан, т.б.) қоршап жатыр.

Жер бедері

Пішіні таға тәріздес келген мұздық оңтүстіктен солтүстікке қарай 3,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км-ге жетеді, төменгі бөлігінде жіңішкеріп (мұздық тілі) 0,3 – 0,5 км ғана болады. Ашық жатқан бөлігінің ауданы 3,1 км2. Соңғы он жыл ішінде орташа қар сызығы 3040 м биіктіктен өткен. Мұздықтың көлемі 150 млн. м3. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап аумағы жылына орта есеппен 10 м-ге шегініп келеді. Кішірею нәтижесінде соңғы морена мен мұздық тілі аралығында еріген мұздан жаз айларында шағын көлшіктер пайда болады. Мұздықтың еріген суы төмен Мыңжылқы аңғарына жиналып, Кіші Алматы өзенінің бастауын құрайды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұйықсу мұздығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}