Алмаз Дәулетярұлы Өтешов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алмаз Дәулетярұлы Өтешов - 1988 жылы 18 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Еспенді ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Өтешов Дәулетяр Сардарұлы. Анасы - Әбілдаева Айман Әбдірашқызы, орта мектеп мұғалімі. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (2010), дене шынықтыру және спорт жаттықтырушы-оқытушысы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. Ауыр атлетикадан Азия чемпионы (Оңтүстік Корея, 2008); ересектер арасындағы Азия Чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері (Жапония, 2008; Талдықорған, 2009). «Қызылорда дамуына үлес қосқан үшін» медалімен марапатталған (2009).
Діни көзқарасы - ислам.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>