Александр Николаевич Винокуров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Велошабандоз Үлгі:Медальдар Александр Николаевич Винокуров (16 қыркүйек 1973 жыл, Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) — Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.

Өмірбаяны

Спорт

Спортпен 1984 жылы Бескөл ауылындаңы жасөсіпірімдер спорт мектебінде бастаған болатын. 1987 жылы Қазақстанның ұлттық құрама командасына алынды. 1994 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Осы жеңісі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды <ref>Винокуров Александр</ref>.

Кәсіби спорт

Сурет:Stamps of Kazakhstan, 2013-04.jpg
Пошта маркасы, 2013 жыл

1998 жылы Casino велокомандасына ауысқаннан бастап өзінің кәсіби велоспорттағы қадамын бастады.

2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.

Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэльта жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб Астананың негізін қалаушы.

2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәке орап алып қанын сорғалатқан Александр келесі бір этапында алғашқы орынды жеңіп әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарын қайта енген Виноны француздар допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді.

2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (Cәуірдің 20-23) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2ші болып келіп ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді.

2011 жыл

Вино осы жылы соңғы рет кәсіпқой спортшы ретінде Тур де Франсқа қатысып, бірнеше күн сары жейдені киіп, этап жеңісіне жетсем деп жоспарлаған. 8-ші этап нәтижесі бойынша ол жалпы есепте 11-ші орынға жетіп, лидерден 32 секунд қана артта болатын, алайда 9-шы этапта құлап, бел сүйегін сындырып, жарыстан шығып кетуге мәжбүр болады. Осыған байланысты Вино өзінің кәсіпқой спорттық өмірін аяқтады.

2012 жыл

Аталмыш жылы өткен Лондон 2012 Олимпиадасының алғашқы күні Қазақстан үшін үлкен қуаныш әкелді. Осы жазғы ойындардан кейін үлкен спортпен қош айтысам деген Александр кенеттен күтпеген жерден ел қанжығасына бірінші алтынды байлады. Финишке аздаған минуттер қалған кезде, теке тірескен колумбиялық велошабандозды баса озған Вино Олимпиаданың бірінші күнінде әнұран ойнатып, Қазақстанды әлемге танытты. Өзінің спорттағы карьерасын алтынмен мығымдаған Винокуров осы оқиғаны спорттан кетуімнің тамаша нүктесі деп айтты. Кейін сұхбатында Александр "дайындық кезінде осы Лондон Олимпиадасынан алтын ұтсам, жақсы болар еді деп жұбайыммен қалжыңдасып едім", - деді. Еске сала кетейік, Винокуров 2000 жылы Сидней жазғы Олимиадасында күміс жүлдегер атанған болатын. Александр 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "денешынықтыру" факультетінің магистранты атанды.<ref>vinokurov-claims-road-race-gold</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер