Алатау (санаторий)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Алатау» климаттық - бальнеологиялық санаторий. Іле Алатауының солтүстік бөктерінде, теңіз деңгейінен 800 метр биіктікте орналасқан, Алматы қаланан 10 км. Ауа температурасы (орта есеппен): қаңтарда – 3,8°С, шілдеде 21°С. Жауын - шашын мөлшері 900 мм. Санаторий өзінің алғашқы демалушыларын 1986 жылы қабылдады. 371 адамға арналған (2007 жылы). Санаторийде буын және омыртқа, жүрек және қан тамырлары, асқазан - ішек жолдары, тыныс алу органдары, гинекология, урология, тері ауруларын емдейді. Қосымша стоматолог, психотерапевт, косметолог мамандарының қызметтері көрсетіледі. Негізгі емдеу факторлары: климат, емдік балшық, физиотерапия (электр жарығы, ингаляция, парафин, массаж, сауна), инемен емдеу, ем-дом терапиясы, мануальді және лазерлік терапия, сүлікпен қан сору, оттекпен демалу, аутотренинг, қажет болса дәрі-дәрмекпен емдеу. Демалушыларды Ақсай минералды суымен емдеу (ванна түрінде, ішуге, ингаляция, микроклизма) кеңінен қолданылады. Минералды су көзі санаторий аумағында орналасқан. Сонымен қатар санаторийде құйынды, ауыспалы, гидрогальваникалық ванналар, әр түрлі душтар (Шарко, циркулярлы, т.б.) бар. Санаторийде қолданылатын шипалы балшық жоғары минералданған майлы сульфитті балшық тобына жатады, ол Алматы облысы Райымбек аудандағы Тұзкөл көлінде өндіріледі. Балшықты тірек - қимыл аппаратын, жүйке жүйесін, асқазанды, т.б. емдеуге пайдаланылады. Балшықпен емдеу аппликация әдіс түрінде, балшық ерітіндісімен компресс, балшық ерітіндісі электрфорезі, гальвано - балшық, қынаптық және ректальдік балшық тампондары түрінде қолданылады. Санаторийде фитобар жұмыс жасайды. Санаторий аумағында 1996 жылы гольф алаңы және 2001 жылы жабық аквапарк ашылды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алатау (санаторий)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}