Аксель Шпрингер-Ферлаг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Аксель Шпрингер-Ферлаг» (Axel Springer- Verlag AC) - Еуропа континентіндегі ірі газет-баспа концерні. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Гамбургта 1947 жылы Аксель Цезарь Шпрингер негізін қалады. 1970 жылы акционерлік қоғам болып қалыптасты.

Концерннің саясатын анықтайтын 51% пакет акциясы Шпрингер баспасына және (24,9%) пакет акциясы Фридер мен Хуберт Бурда ағайындыларға тиесілі. Сонымен қатар (49%) Ф.В. Кристианс («Неміс банкінің төрағасы»), М. Отто («Оттоферзанд» сауда фирмасы), Х. Крамп (Батыс Берлиндегі «Шеринг» химиялық концерні) акционерлеріне тиесілі. 1985 жылы Аксель Шпрингер қайтыс болғаннан кейін акцияның көпшілік бөлігі оның жары Фриде Шпрингерге өтті.

Күнделікті ірі бес газет шығарады: «Вельт», «Гамбургер абендблат», «Бильд», «Бильд Берлин», «Берлинер морген-пост», «БэЦэт», екі жексенбілік «Ведьтамзонтаг», «Бильдамзонтаг» газеттерін және «Херцу», «Функ ур» радиосы мен теледидарының күнделікті суретті журналдарын шығарады. ФРГ-дағы шпрингерлік күнделікті және жексенбілік барлық газеттердің таралымы 80%-дан асады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}