Аккредит түрлері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аккредит түрлері - 1) тұрақты, шетел тілшілеріне ҚР жерінде бір жылға беріледі. 2) Уақытша - бір жылға дейінгі мерзімге шектелген. Тұрақты аккредиттеу де осы мерзімге ұзартылуы мүмкін. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Шетел журналистерін СІМ аккредиттейді. Шетел БАҚ тілшісі ретінде журналистердің тұрақты мекенжайы мен азаматтығына қатыссыз-ақ аккредиттелуі ықтимал. Аккредиттеу жайлы өтінішті соған мүдделі БАҚ басшысы ҚР СІМ-не жазбаша түрде жібереді. Өтініште: БАҚ-тың ресми бланкасына басылып, оның басшысы қол қойған хаты немесе ҚР тиісті ел елшілігінің аккредиттеу мерзімі көрсетілген дипломат, нотасы; БАҚ жайлы мәлімет; тілшінің журналистік қызметі хақында анықтама; аккредиттеу жайлы мәселені шешуге қажетті өзге де құжаттар болады.

Шешім барлық құжат келіп түскен күннен бастап бір айдың жүзінде қабылданады. Жергілікті БАҚ тілшілері аккредиттеу жайлы іс жүзіндегі Ережеге сәйкес аккредиттеледі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}