Аккредиттеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аккредиттеу (лат. ассrеdo - сенемін) - кез келген БАҚ редакциясының өкілетті өкілінің өз қызметкерін басқа мемлекетке, үкіметтік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға, баспасөз орталығына жіберуі. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

ҚР «БАҚ туралы» Заңының «Журналистің құқы мен міндеттері» тарауының «Журналистерді аккредиттеу» 22-бабында «БАҚ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың келісімімен олар да өз журналистерін аккредиттей алады", - деп көрсетілген.

Журналистерді аккредиттеген органдар оны отырыстар, жиындар мен өзге де шаралар жайлы алдын ала хабардар етіп, қажетті құжаттармен және материалдармен қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекетте аккредиттелген тілшілер мен өзге де БАҚ өкілдері басқа мемлекетке шығатын болса олардың құқықтық ережелері мен кәсіби қызметі ҚР заңдылықтарымен және республиканың басқа мемлекеттермен жасалатын шарттарымен реттеледі.

Аккредиттеу ережелері 2000 жылдың 5 қаңтарында №5 МКИОС бұйрығымен бекітілген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}