Айыр қалпақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айыр қалпақ - ақ қозының күзем жүнінен жұқа етіп басылған киізден жасалып, матамен әдіптелген, қайырма етегінің алды-арты жырық келетін, төбесі төрт сай болып тігілген, тысы түсті барқытпен көмкерілген баскиімнің түрі. Әдібі көбіне барқыт, шибарқыт, шуға немесе қара пүлістен жасалады. Айыр қалпақтың қайырма етегі мен төбесі зермен кестеленген, түрлі түсті жібек матамен тысталған, сондай-ақ, ою-орнек салынған түрлері бар. Оған кейде төбеден тогілдіре шашақты маржан тағылады.

Қайырма етегінің алды-арты жырық болғандықтан айыр қалпақтың деп аталған. Айыр қалпақ шибарқыт, шуға сияқты матадап да сырылып та жасалады. Ертеде айыр қалпақтың материалы и күзем жүннен түбіт қосып жұқа етіп бастырып, киіздем дайындайды. Айыр қалпаққа ұқсайтын, қайырмасы (түрмесі) бітеу келген, дәстүрлі қазақ коғамында биік мәртебелі хан, сұлтандар киетін ғұрыптық баскиім түрі мұрақтың пошымы, бітімі, символикалық мэні ерекше болды (толығырақ қ. Мұрақ). ҚР MOM қорындағы (КП 502) талдырма ақ талдырма киізден жасалған айыр қалпақтың керегесі 22 см, милық шеңбері 62 см. Үшбұрышқа ұқсас төрт сайдан кұралган, төбесі дөңгеленіп келген. Сайлардың қосылған тігісіне қара түсті матадан сызық салынған және қайырылған түсына дейін айналдыра ширатылған жіп жиек бастырылған және оған қатарластыра тігіс жүргізілген. Айыр қалпақтың қайырмасы қара барқытпен әдіптелген, астары матадан салынған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айыр қалпақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}