Айыртау мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Айыртау мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуіндегі мұнай кен орны. Құрылым сейсмобарлау көмегімен 1990 жылы нақтыланып (оңтүстік қанаты), іздеу бұрғылауы 1991 жылы басталған. Кен орны 1993 жылы ашылды.

Географиялық орны

Атырау облысында, Мұқыр станциясының солтүстік-батысында 30 км жерде.

Геологиялық құрылымы

Тұзүсті шөгінділерімен байланысқан мұнайлы құрылым тектоникалық жарылымдармен оңтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс қанаттарға бөлінген, ендікке жуық бағдарланған, брахиантиклиналдық қатпар болып табылады. Құрылымның оңтүстік қанатындағы ортаңғы юралық үш горизонттың өнімділігі анықталған.

Жатыс сипаты

Горизонттардың орналасу тереңдіктері 120-400 м. Жатын жинауыштарының кеуектілігі 37%-ға, өтімділігі 1,697 мкм2-ге дейін жетеді. Горизонттардың тиімді қалыңдығы 1-15 м. Өнім шығымы 1,2-36 м3/тәулікке дейін.

Тығыздығы

Мұнайдың тығыздығы 876 кг/м3. Юра кешенінің қойнауқаттық суларының тығыздығы 1107-1154 кг/м3, минералдылығы 142-191 г/л хлоркальцийлі типтегі тұздықтар. Жатындардың жұмыс режимі суарынды. Кен орны барлануда.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айыртау мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}