Айранкөл мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Айранкөл мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуіндегі мұнай кен орны. Құрылым сейсмобарлау жұмыстарымен 1940-1943, 1955-1957 жылдары дайындалған. Іздестіру және барлау бұрғылауы 1940 жылы басталып, кен орны 1944 жылы ашылды.

Географиялық орны

Атырау облысында, Құлсары темір жол станциясының батысында 40 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Мұнайлы көтерілім қосқанатты тұз күмбезді құрылыммен байланысқан. Тұзүсті таужыныстар кешенінің қимасында төменгі бор шөгінділері өнімді. Мұнда альб, апт және бес неоком горизонттары бар. Негізгілері болып апттың және неокомның алғашқы екі өнімді горизонттары саналады. Мұнайлы горизонттар 684 м және 707-748 м тереңдіктерде.

Жатыс сипаты

Жатындар биіктігі 12 м. Су-мұнай жапсарының абсолют белгілері -713 м және -737, -772 м. Жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Горизонттар терригендік таужыныстардан тұрады, жинауыштары кеуекті.

Қанығу сипаты

Мұнайға қанығу қалыңдығы 16 және 5,3-10,5 м-лерге тең, жинауыштардың ашық кеуектілігі 33-34%, өтімділігі 0,0,6-0,387 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенттері 0,64-0,72. Мұнайдың бастапқы шығымы (өнімі) 1,3-7,3 м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысым 7,01-8,26 МПа.

Тығыздығы, құрамы

Мұнай тығыздығы 913-949 кг/м3. Ол күкіртті (0,64%), шамалы парафинді (0,6-0,75%), шайырлы (11-21%), асфальтені 4,49%. Жатындардың режимі суарынды. Қойнауқаттық сулары хлоркальцийлі, тығыздығы 1130-1140 кг/м3. Кен орны 2004 жылдан бері игерілуде.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер