Аденокарцинома

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Adenocarcinoma of the stomach.jpg
Аденокарцинома.

Аденокарцинома немесе Асқазан қатерлі ісігі (грекше adēn — без, karkіnōs — рак, adenocarcіnoma — бездік рак) — секрет шығаратын бездердің кілегей қабықшасынан дамитын қатерлі ісік. Ол шырышты қабықтары не бездік тіндері бар ағзаларда өрбиді. Аденокарцинома бездік құрылымдары әртүрлі мөлшердегі аса дөрекі пішінді [[призма]] немесе куб тәрізді торшалардан тұрады, протоплазмасы мол және базафильді келеді. Ісік құрамында торшалардың бөлінуі айқын байқалады, олар азды-көпті шырыш бөледі.Аденокарцинома құрылымына қарай: ацинарлық немесе альволярлық (ісікте ацинарлық құрылымдар басым); тубурлярлық (түтіктік құрылымдар басым); бүрлік-бүрлік немесе еміздіктік (өсінділер басым); шырыштық немесе коллоидтық (торшалары көп) болып 4 түрге бөлінеді. Аденокарцинома пісіп-жетілуіне байланысты үшке ажыратылады:

  • толық пісіп-жетілген бездік рак — ісік құрылымы еміздікті, түтікті, ацинусты құрылымдардан тұрады, шырыш бөлмейді;
  • толық пісіп-жетілмеген бездік рак —солидті құрылымда муцин, коллоид араласқан тіндері бар ісік;
  • пісіп-жетілмеген бездік рак — құрылымында бездік тіндер аз, шырышы мол, [[сақина]] тәрізді торшалары бар ісік.
    Бұлардың ішінде ең қатерлісі — морфологиялық тұрғыдан пісіп-жетілмеген бездік рак болып табылады.<ref>Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5</ref>

Асқазан қатерлі ісігі — ең жиі кездесетін қатерлі ісік. Ол қышқылдығы төмен асқазанның созылмалы қабынуымен (атрофиялық), ойық жарамен, политермен ұзақ мезгіл сырқаттанушыларда жиі пайда болады. Ісіктің клиникалық белгілері оның асқазандағы орналасқан жеріне байланысты. Егер ісік асқазанның өңеш бөлімінде орналасса алдымен төстің астыңғы жағында аурулық сезім, ал өңешке тараса, тағамның түйіліп өту белгілері байқалады. Ісік асқазанның ұлтабарға жақын жерінде орналасса, тағамның асқазаннан ішекке өтуінің тежелуіне байланысты науқастың ішінің кебуі, кекіруі, жүрек айнып құсуы, тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілер болады. А. р. рентгендік, эндоскопиялық, цитологиялық, гистологиялық және ультрадыбыстық тәсілдермен анықталады. А. р-ның І, ІІ, ІІІ даму сатыларында хирургиялық операция (гастроэктомия, резекция) жасалады. ІІ және ІІІ даму сатысындағы науқастарға операциядан кейін 4-5 дүркін химиялық препараттар (фторурацил, адриамицин т.б.) қосындысы беріледі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аденокарцинома|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}