Адахкес

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адахкес, (Адахкет) — орта ғасыр саяхатшыларының жазбаларында аталатын қала атауы. Ғалымдардың болжауынша, қазіргі Жамбыл облысы Талас өзенінің бойында, Тараз қаласының солтүстік-батысында орналасқан. Араб географы Ибн Хордадбех (9 ғасырда) Кавакет Тараздан 7 фарсах жерде, ал одан Қимақ патшалығының астанасына дейін 80 күндік жер деп жазса, 10 ғ-да өмір сүрген тағы да бір араб географы Әл Хамадамидің айтуынша, Тараздан қимақтарға баратын жол (солт-ке қарай) Кавакиб деп аталатын жерде орналасқан жақсы жабдықталған екі елді мекен арқылы өткен. Осы екі қаланың аттары басқа деректерде Адахкес және Дех Нуджикес деп аталады. Олардың орындары Тараздың солтүстік-батысында орналасқан Қаракемер мен Бектөбе қаласы жұрттарына сәйкес келеді. Бұл екеуі де орталық бөлігі ұзын дуалмен қоршалған төбелер. Бір-бірінен 500 м қашықтықта орналасқан. Бектөбенің аумағы 120 м, биікт. 6 м. Төбенің маңынан жиналған ыдыс сынықтары 6-12 ғ-ға жатады. Қаракемер — төртбұрыш тәріздес келген төбе. Оның көлемі 450х450 м, биікт. 8 м. Қаланы қоршаған дуалдың аумағы 2 км. Бұл төбе басынан жиналған ыдыс сынықтары да 6-12 ғ-ға жатады. Екі төбенің орнында да үлкен қала болғандығы анық байқалады. Бұларды 1938 жылы Жамбыл археологиялық экспедициясы (жетекшісі А. Н. Бернштам) зерттеген. Төбелердің қайсысы Адахкестің, қайсысы Дех Нуджикестің орны екендігі анықталмаған. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адахкес|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}