Бектөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

  1. Бектөбе – 7 – 12 ғасырлардағы қаланың орны. Тараз қаласынан батысқа қарай 15 — 16 км жерде, Аса өзенінің жағалауында. 1938 ж. А.Н. Бернштам басқарған Жамбыл археологиялық экспедициясы зерттеген. Бектөбенің орны бірінің үстіне бірі орналасқан екі сатылы қабаттан тұрады. Жоғарғы, негізгі бөлігінің пішімі трапеция тәріздес. Биіктігі 6 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 120 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 м. Сыртқы дуалдарының төрт бұрышында күзет мұнараларының орындары сақталған. Төменгі жағындағы алаңша тәріздес екінші бөліктің аумағы 45-40 м, биікт. 2,5 м. Көптеген зерттеушілердің (В.А. Каллаур, А.Н. Бернштам, К.Байпақов) пікірі бойынша, Бектөбе — ортағасырлық Жувикат қаласының орны. Әбу-л-Фарадж Құдама ибн Жафардың жазбаларында Жувикат Шавғар мен Тараздың аралығында орналасқан делінген. Бектөбеде күрделі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Археологиялық барлау кезінде төбенің жоғарғы қабатынан жиналған заттай деректер оның 7—12 ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
  2. Бектөбе қалашығы - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округі аумағындағы көне қалашық. Тараз қаласына серіктес "бекініс төбе" деген мағынаны білдіреді, әлі де орыны сақталған. VII-VIII ғасырларда соғды тайпалары соққан бекініс. Бекініс туралы араб жылнамашылары жазғандай "Атлах" шайқасы кезінде арабтардың қорғаныс орталығы болған. 1219 жылы моңғол-татар шапқыншылығы кезінде Бектөбе қалашығы "керуеншілерді қала ішіне жібереміз" деп алданып, жеңіліс табады. Қалада қолөнер, зергерлік, құмыра шеберханасы, монета жасау дамыған.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}