Адам денесі
Адам денесі (Үлгі:Lang-la) - адамның бүкіл құрылымы болып табылады, яғни бас, мойын, бағана, қолдар және аяқтар. Биологтардың есебі бойынша ересек адамның денесі отыз триллион жасушадан турады.
Мазмұны
Адам организмінің жүйелері
Үлгі:Main Адам организмі - адам өмір сүруін қамтамасыз ету үшін бағытталған функцияларды жүзеге асыратын өзара байланысты жүйелер жиынтығы.
Адам организмінде қаңқа жүйесін, бұлшық ет жүесін, жүйке жүйесін, жүрек-қантамырлар жүйесін, дем алу жүйесін, ас қорыту жүйесін, зәр шығару жүйесін, репродуктивті жүйесін, эндокриндік жүйесін, иммунды жүйесін және жабынды жүйесін айқындайды.
Жүйе | Зерттейтін ғылым | |
50px | жүйке жүйесі | Нейрофизиология |
50px | қаңқа жүйесін | Ортопедия |
50px | жүрек-қантамырлар жүйесі | Кардиология |
50px | дем алу жүйесі | пульмонология |
50px | ас қорыту жүйесі | Гастроэнтерология |
50px | жабынды жүйесі | Дерматология |
50px | зәр шығару жүйесі | нейрология, урология |
50px | репродуктивті жүйесі | гинекология (әйелдер), андрология (еркектер), сексология, эмбриология |
50px | иммунды жүйесі | иммунология |
50px | лимфа жүйесі | онкология, иммунология |
50px | эндокриндік жүйесі | эндокринология |
Адам органдарының салмақтары
Салмағы 70 кг, бойы 170 см және денесінің ауданы 1,8 кв,м 20 — 30 жасар адамның органдарының орта есеппен алынған салмақтары:
- бұлшық еті: 30 кг = денесінің салмағынан 43%
- қаңқа жілік майысыз: 7 кг = 10%
- тері және тері асты клетчаткасы: 6,1 кг = 8,7%
- қан: 5,4 кг = 7,7%
- ас қорыту жүйесі: 2,0 кг = 2,9%
- бауыр: 1,7 кг = 2,4%
- қызыл жілік майы: 1,5 кг = 2,1%
- өкпе: 1,0 кг = 1,4%
- жүрек: 0,3 кг = 0,43%
- бүйрек: 0,3 кг = 0,43%
- қалқанша без: 0,02 кг = 0,03%
- ми: 1,3 кг = 1,8%
- көкбауыр: 0,18 кг = 0,26%
Дене құрылысы
Үлгі:Main Дамыған елдерде орта есеппен алғанда ересек ер адамның бойы 1,7—1,8 м-дей, ересек әйелдің бойы 1,6—1,7 м болып саналады. Адамның бойын генотипке және фенотипке байланысты.
Химиялық құрамы
Адам денесінің органдары орта есеппен 60% судан, 34% Органикалық заттардан, 6% — бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарын құрайтын негізгі элементтер: көміртек(~18%), оттек(~65%), сутек(~10%) және азот(~3%), одан басқа фосфор(~1%) және күкүрт(~0,25%). Бейорганикалық заттардың құрамына 22 химикалық элементтер — кальций, фосфор, оттек, натрий, магний, күкүрт, бор, хлор, калий, ванадий, марганец, железо, кобальт, никель, мыс, мырыш, молибден, хром, кремний, йод, фтор, селен кіреді<ref>Кукушкин Ю.Н. — Химические элементы в организме человека</ref>.