Адам Морфологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адам Морфологиясығылым саласы. а) биологияда адам ағзасының тіршілік әрекетіне, өмір сүрген ортаға байланысты физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу. Оған адам анатомиясы, эмбриологиясы, гистологиясы енеді; б) А н т р о п о л о г и я д а: адамды жасына, жынысына, расасына, этник., конституц., геог. ерекшеліктеріне қарай зерттеу. Адам морфологиясы бүгінгі адамдар мен археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған көне заман адамдарының сүйектері арасындағы морфологиялық ұқсастық пен ерекшеліктерін анықтайды. Ол м е р о л о г и я және с о м а т о л о г и я деген екі бөлімге бөлінеді. Мерологияда адам денесінің құрылымы жеке-жеке қарастырылып, арасындағы өзара биол. байланыстар зерттеледі. Яғни, адам денесінің сыртқы және ішкі құрылысы, бұлшық еттері, қаңқа сүйектері, ми құрылысы, тамыр жүйелері т.б. морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері сараланады. Соматология бөлімінде адам денесінің құрылысы: бойы, салмағы, тұлғасы, пропорциясы, биол. қарым-қатынастары сипатталады. Бұл саладағы зерттеулердің нәтижелері адам денесінің биохимиялық эндокринологиясын, генетикасын, этникасы, физиологиясы. т.б. ерекшеліктерін ескере отырып, адамды дамытуға ғылыми тұрғыдан бағыт сілтеуге қойылатын стандарттық талаптарды айқындауға мүмкіндік береді. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адам Морфологиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}