Автомобиль түрлері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Vw-scirocco-modell-2010.jpg
Жеңіл автомобиль

Автомобиль - кемдегенде 4 доңғалағы бар, өз энергия көзімен қозғалысқа келтірілетін рельсті қажет етпейтін доңғалақты көліктік құрал. Сонымен катар троллейбустер, үш доңғалақты 400 килограмм массалы көлік құралдары да автомобиль болып саналады. Әдетте автомобиль деп жеке автомобильді және автопоезді айтады.

Газ сауытты, газбаллонды автомобиль - газсауытпен және қозғағышты газбен коректендіруге арналған арнайы аппаратурамен жабдықталған автомобиль.

Газ генераторлы автомобиль - қозғағышты коректендіру үшін жанармайдан (қатты отыннан) газ алатын газ генераторлы қондырғымен жабдықталған автомобиль.

Газ турбиналы автомобиль - газ турбиналы қозғағышы бар автомобиль.

Жарыс автомобилі - әдетте бір орынды, жоғарғы жылдамдықпен жүретін, әдейі автомобиль жарыстарына арналып жасалған, арнайы кең шиналы, шанағы төмен сүйір болатын, жоғарғы қуатты арнайы қозғағышы бар автомобиль.

Жүк автомобилі - шанағы ернеулі платформа не арнайы шанақты (цистерна, фургон) жүк таситын көліктік автомобиль.

Класы үлкен жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 5-тен 15 тоннаға дейінгі жүк автомобилі.

Класы кішкене жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 0,5-тен 2 т. дейінгі жүк автомобилі.

Жалпы жұмысқа арналған жүк автомобилі - шанағы ернеулі платформалы жүк таситын автомобиль.

Класы өте үлкен жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобилі.

Класы өте кішкене жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 0,5 тоннадан аспайтын жүк автомобилі.

Ортаңғы кластағы жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 2-ден 5 тоннаға дейінгі жүк автомобилі.

Жүк-жолаушылар автомобилі - жолаушылар мен жүктерді бір уақытта тасуға арналған көліктік автомобиль; әдетте бұл әмбебап шанақты жеңіл автомобиль.

Екі өсті автомобиль – екі есі бар доңғалақты автомобиль.

Дизельді автомобиль - дизельді қозғағышы бар автомобиль.

Мүгедектерге арналған автомобиль - мүгедектер басқарып жүргізуге жеңіл, көбінесе баспалары иінмен немесе тұтқамен ауыстырылған, тіркес пен беріліс қорабы жартылай немесе толығынан өздігінен басқарылатын автомобиль.

Артқы жетектегі автомобиль - жетекші доңғалақтары артында орналасқан автомобиль.

Карбюраторлы автомобиль - қозғағышы карбюратормен жабдықталған автомобиль.

Классикалық принцппен құрастырылған автомобиль - қозғауышы алдында, жетекші доңғалағы артында орналасқан автомобиль.

Үй-жай тұрмыс шаруашылығының автомобилі - қала шаруашылығына қажетті жабдықтары бар (мысалы, сыпырғышы, қоқыс салатын жәшігі) арнайы автомобиль.

Жеңіл автомобиль - жүргізушіні қосқанда тасымалдайтын жолаушының саны 9-дан аспайтын жолаушы автомобиль.

Класы үлкен жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы 3,5 литрден жоғары жеңіл автомобиль.

Класы жоғары жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы шектелмеген, ішкі отыратын орны әдетте қымбат жабдықтармен жабдықталган жеңіл автомобиль.

Класы кішкене жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы 1,2 литрден 1,8 литрге дейінгі жеңіл автомобиль.

Класы өте кішкене жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы 1,2 литрге дейінгі жеңіл автомобиль.

Ортаңғы кластағы жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы 1,8 литрден 3,5 литрге дейінгі жеңіл автомобиль.

Кішкене литражды жеңіл автомобиль - өте шағын немесе шағын класты жеңіл автомобиль.

Дәрігерлік көмек көрсетуге арналған автомобиль - арнайы медициналық аспаптармен жабдықталған, сырты арнайы белгілермен белгіленген және дыбыс шығаратын құрылғымен жабдықталған автомобиль.

Көп өсті автомобиль - өстерінің саны екіден артық автомобиль.

Әмбебап жүк автомобилі - жалпы жұмыстарды атқаруға арналған жүк автомобилі.

Өткішті төмен автомобиль - қаптауы қатты жолдарда және жылдың құрғақ мезгілінде жәй жолдарда пайдалануға арналған доңғалақтары түгел жетекші емес автомобиль.

Жеке автомобиль - жартылай тіркеме немесе тіркеме арбасыз жұмыс атқаратын автомобиль.

Бумен істейтін автомобиль - қозғауышы бу арқылы жұмыс істейтін автомобиль.

Жолаушылар автомобилі - жолаушыларды тасымалдауға арналған көліктік автомобиль.

Алдыңғы жетелтегі автомобиль - алдыңғы доңғалағы жетекші автомобиль.

Жүк көтергіштігі жоғары автомобиль - жүк көтергіштігін жоғарылату үшін қосымша белдігі бар белдіктерінің барлығы бірдей жетекші емес жүк автомобилі.

Өткіштігі жоғары автомобиль - өткіштігі әдеттегідей автомобильдің жүйелермен агрегаттарын пайдаланған 2 немесе 3 жетекші білігі бар, әдетте тәуелді аспалы доңғалақтарының ауа қысымы реттелетін, өзін-өзі сүйреп шығаратын шығырмен өткелден өтуге арналған жабдықпен жабдықталған автомобиль.

Өрт сөндіретін автомобиль - өртті сөндіруге қолданылатын жабдықтары бар арнайы автомобиль.

Толық жетекті автомобиль - барлық доңғалақтары жетекші автомобиль.

Жартылай шынжыр табанды автомобиль - доңғалақтарының біразы (әдетте артқылары) шынжыр табан қозғалтқышпен ауыстырылған автомобиль.

Жартылай капотты қылып жасалған автомобиль - қозғаушының жартысы ным кабинада, ал екінші жартысы оның алдында орналасқан автомобиль.

Рекордтық-жарыс автомобилі - арнайы қысқа қашықтықта (мысалы 1 километр немесе 1 миль) жылдамдықтан рекорд жасауға арналған, үлкен қашықтықтағы жарыстарға қатысуға жарамайтын жарыс автомобилі.

Арнайы автомобиль - өзіне орнатылған арнайы жабдықты тасымалдауға арналған автомобиль (мысалы кранды, сатыны).

Спорттық автомобиль - жарысты өткізу шартының талабына сәйкес құрылысына аздаған өзгерістер енгізілген көліктік автомобиль.

Көне автомобиль - сериялы жасалып ендірілуі 20 жылдан кем емес, ескі автомобильдер халықаралық көне автомобильдер федерациясының (одағының) жылдық өлшемі категориясының (a, ь, с, d, е, f) біріне сәйкес келетін автомобиль.

Техникалық көмек көрсететін автомобиль - бұзылған автомобильдерге техникалық көмек көрсетуге қажетті жабдықтармен жабдықталған арнайы автомобиль.

Көліктік автомобиль - жүкті немесе жолаушыларды тасымалдауға арналған автомобиль

Бетон таситын автомобиль - бетондық қоспаны 30 шақырымға дейін тасымалдауға арналған жабық шанақпен жабдықталған, жүгін арт жағынан шанағын көтеріп сырғытып түсіретін арнайы автомобиль.

Бетонды әзірлеп тасымалдайтын автомобиль - бетонды әзірлеп тасымалдайтын, қозғалыс кезінде айналып тұратын араластырғыш жабық барабаны бар, тиейтін, жүк түсіретін құрылыммен және суға арналған бәгі, араластырғыш барабанға су жіберетін жабдықтары бар арнайы жүк автомобилі.

Битум тасымалдайтын автомобиль - жылудан сақтайтын қабы және қыздырғышы бар, 2000с дейінге температурадағы битумды тасымалдауға арналған цистерналы арнайы автомобиль.

Мұнаралы автомобиль - 10 метрден жоғары биіктіктегі жұмыстарды атқаруға арналған, бүктеліп ашылатын көтергіш мұнарамен жабдықталған арнайы автомобиль.

Ағаш тасымалдайтын автомобиль - бөрене тасымалдауға арналған құлатып түсіргіш жабдығы бар арнайы жүк автомобилі.

Сыпырынды тасымалдайтын автомобиль - сыпырындысы бар бактарды көтеріп-тиеп тасымалдауға арналған платформасы мен краны бар немесе жабық шанақпен және сыпырындыны тиеуге және түсіруге арналған құрылыммен жабдықталған жүк автомобилі.

Жүк тиейтін автомобиль - жүкті түсірген кезде шанағы еңкіштелмей бірнеше метр биіктікке көтерілетін, жүкті өздігінен түсіретін автомобиль.

Ерітінді тасымалдайтын автомобиль - цистернасы бар -5°с жоғары температурадағы құрылыс ерітінділерін мөлшерлеп беруге және тасымалдауға арналған арнайы жүк автомобилі.

Тоңазытқышы бар автомобиль - тоңазытқыш қондырғысы бар авгомобиль-фургон.

Жүкті өзіне тией алатын автомобиль - жүкті езіне тиейтін кұрылымы бар арнайы жүк автомобилі.

Жүк көтергіш ернеуі бар автомобиль - артқы ернеуі жолдың деңгейіне дейін түсіріліп жүк тиеп, көтеріп өзіне артатын автомобиль.

Жүкті өзі түсіретін, жүкті аударып түсіретін автомобиль - көмірді, руданы, жыныстарды, сусымалы және жартылай сұйық жүктерді тасымалдауға арналған металл шанақты жүкті механикалық тәсілмен түсіретін жабдығы бар арнайы автомобиль.

Құбыр тасымалдайтын автомобиль - көп белдікті газ, мұнай кұбырларын салып бекітуге арналған ершігі бар, құбыр тасымалдауыш арнайы автомобиль.

Сүйрейтін автомобиль - тіркемені немесе жартылай тіркемені тіркеу үшін ілінісу кондырғысы бар, сонымен катар олардың тежеуіш жүйесінің түтіктерін және электр жабдықтарының электр өткізгіш сымдарын жалғайтын жалғауыштары бар арнайы автомобиль.

Жабық қорапты автомобиль - жабық қорап іспетті шанағы бар арнайы жүк автомобилі.

Азық-түлікті және өнеркәсіп тауарларын тасымалдайтын жабық қорапты автомобиль - жүюі бекітуге және қалап бекітуге арналған құралдармен жабдықталған жабық қорапты автомобиль.

Тез бүзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған жабық қорапты автомобиль - жылытатын немесе изотермиялы мұздатқышы бар жабық қорапты автомобиль.

Әмбебап жабық қорапты автомобиль - бекітуді қажет етпейтін, орналастыруға арнайы құрылым қажет емес температураның деңгейіне талап қоймайтын буылып түйілген оралап-байланған азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын тасымалдайтын жабық қорапты автомобиль.

Автомобиль-цистерна - сусымалы жүктерді, сұйытылған газды, сұйык заттарды тасымалдауға арналған үлкен жабық ыдыспен жабдықталған арнайы жүк автомобилі.

Цистернасы қаңқа ретіндегі автомобиль - цистерна цистернасы қаңқаның, шанақтың рөлін атқаратын цистерналы автомобиль.

Цистернасы рамалы автомобиль-цистерна - цистернасы рамаға бекітілген, қаңқаның рөлін атқармайтын автомобиль-цистерна.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Автомобиль түрлері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}