Абай (Арал ауданы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына АбайҚызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Қарақұм ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Ауданның қиыр солтүстік-шығысында, аудан орталығы – Арал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде, Баршақұм құмының орталығы бөлігінде, шөл белдемінде орналасқан.

Халқы

Тұрғыны 2,2 мың адам (2009).

Тарихы

Іргесі 1930 жылы қаланған. 1957 жылға дейін «Алға» ұжымшарының, 1997 жылға дейін қаракөл қойын өсіретін «Қарақұм» кеңшары мен ауылдық кеңестің орталығы болып келді. Ауылда және округке қарасты Ерімбетжаға, Көкаша, Қаратерең ауылдарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері