Абай халық театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абай халық театры - халық драма ұжымы. Көркемөнерпаздардың Семей облысы Абай ауданының Қарауыл селосындағы мәдениет үйі жанынан ұйымдасқан драма үйірмесі негізінде құрылды. 1917 ж. маусымда Ойқудықта М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» спектаклімен шымылдық ашқан. 1967 ж. халық театры атағы берілді. Театр ұжымы бірнеше рет облыстық, республикалық байқауларға қатысты. Москваның Кремль театрында да өз өнерлерін көрсетті. Театрдың көркемдік жетекшісі ҚазССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, режиссер Б. Баймұратов.

Театр 1984 жылы Әуезовтың «Абай» спектаклін сахнаға шығарды. Ұжым құрамында Бүкілодақтық Комсомол сыйлық лауреаты Б.Сағымбаева, Бүкілодақтық және респ. байқаудың лауреаттары М.Жанболатов, Ә.Закиров, М.Исатаев, Г.Қабышева, Ғ.Қасымов, Н.Момынжанов, Р.Нүрпейісова, О.Садуақасов, Т.Сәкенова,Б.Шағатаев, т.б. өуесқой өнерпаздар болды. Театр репертуарында М.Әуезовтің "Абай", Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", И.Мақатов пен С.Сұбханбердиннің "Соңғы күш", Т.Ахтановтың "Боран", Ә.Әбішевтің "Қолға түскен шайтандар", т.б. пьесалары болды.Абай халық театры Семей облысы халық театрлары мен драма ұжымдарының байқауына М.Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясымен қатысып 1- орынды жеңіп алды. 1966 ж. Алматыда өткен респ. байкауда осы спектакльді көрсетіп, 7 адам лауреат атанды. 1976 ж. Мәскеу қаласыннда Кремль театрында Б.Майлиннің "Жалбыр" спектаклін көрермен назарына ұсынып, театр ұжымына Бүкілодақтық байқаудың лауреаты атағы беріліп, медаль тапсырылды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}