Абайдың басылымдары жайында (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абайдың басылымдары жайында», Мұхтар Әуезовтың шашпа пікірлері. 1953 жылы жазылған. Мұны жазуға С.Нұрышевтың мақаласы турткі болған («Қазақ КСР Ғылым академиясының хабаршысы», 1953, №4). Бұл мақала абайтану саласында ұзақ жылдар бойы зерттеу жургізген Әуезовтің еңбегін айыптауға арналған еді. Әуезов бұл мақала жарияланған соң, өз ойларының желісін нақты дәлелдермен көрсетіп, дәлелсіз түрде айтылған айыптау пікірлерді жоққа шығарудың алдын ала жоспарын жасаған. Осы тезистердің негізінде «Абай мұрасы жайында» деген мақала жазған. Сөйтіп жазушы әрбір еңбегін жазу үстінде құрғақ, көпірме пікірден қашып, алдын ала нақтылы деректерге сүйеніп, даярлық жасаған, айтылар ойын, пікір желісін анықтаған. «Абайдың басылымдары жайында» мақаласы Әуезовтің «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» жинағында алғаш рет жарияланды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абайдың басылымдары жайында (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}