Абай мұрасы жайында

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай мұрасы жайында» Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Пікір сайысына құрылған бұл мақаланың 1951 жылы «Лениншіл жас» газетінің 7-санында қысқартылған түрі, ал «Қазақ КСР Ғылым академиясының хабаршысы» журналының 2-санында толық түрі қатар жарияланды. Әуезовтің «Абай Құнанбаев» (1967, 275-289-беттер), 20 томдық шығармалар жинағының 19-томында (1985, 12-27-беттер) жарияланды. Мақаланың жазылуына С.Нұрышевтың «Лениншіл жас» газетінің 1951 жылғы 14 қаңтардағы санында «Абай атындығының алғашқы кезеңі туралы» және «Вестник Академии Наук Казахской ССР» журналындағы «До конца искоренить буржуазно-националистические извращения в изучении творчества Абая» (1951, № 4) деген мақалалары себеп болды. С. Нұрышев Абай шығармаларының Әуезов құрастырып жариялаған толық жинағындағы алғашқы кезеңдегі өлендерін қоспауды және Абай мұрасының Шығысқа қатысын үзілді-кесілді терістеуді кездеді. Мұнда негізінен Абай ақындығының алғашқы кезеңі, яғни жастық шағында жазылған өлеңдері дәлелсіз жоққа шығарылып, ол туралы ертеректе айтылған Әуезовтің пікір танымдары айыпталды. Бұған 1947-1953 жылы Қазақстанда өpic алып, қабындаған саяси-идеологиялық ауа жайылу оқиғалары ықпал етті. Нұрышевтың ұрда-жықсынға құрылған, дау емес, далбайға ұрынған жалалы мақаласы негізінен айыптаушылық мақсатты кездейді. Бұл даулы әрі өрескел мақалаға Әуезов «Абай мұрасы жайында» деген мақаласымен жауап берді. Әуезов бұл мақаласын жазуға алдын ала үлкен даярлық жүргізіп, Абай шығармаларының текстологиялық жағын қайтадан сын көзімен қарап, талдаған. Жазушы архивінде сақталған «Абайдың басылымдары жайында», «Дәлелдер», «Справкалар» деген атпен қағаз бетіне түсірілген өзінің нақтылы, ғылыми дәлелдерін ұсына отырып: Үлгі:Start citation «...Құрғақ күдік ғылымды өсірмейді, ол дәнсіз гүлдей өмірі жоқ, нәсілі жоқ гүл болатынын» Үлгі:End citation қадай айтқан. Осылайша деректер көзін сұрыптап, оларды жүйелеп, талдау үстіндегі ізденістері мен ой байламдарынан ғалымның зерттеушілік лабораториясының сыры мен сипаты да ашыла тускен. Әуезов архив сөресіндегі шашпа пікірлерінде Мүрсейіт туралы алғаш рет деректі ағым беріп, ол көшірген Абай шығармаларының көшірме нұсқасының дүниеге келуіне Абайдың өзі тікелей себепкер болғанын: Үлгі:Start citation «...Абай жинағы тек 1896 жылы ғана қағазға жиналып, топталатын болған. Ол істі істеген Мүрсейіт емес, Мағауия, Ақылбай, Көкітай,-Көкбайлар. Бұлар алғашқы істі Абайдың өзінің тапсыруымен сол 1896 жылы бастайды» Үлгі:End citation деп, біздерге беймағлұм көп нәрседен сыр шертеді. Абайдың Көкбай бастаған ақын шәкірттерінің арқасында, солардың Абай өлеңдерін жаттап алуынан ұлы ақын шығармаларының жоғалуға жақын өлең жолдарының үштен бірі қалпына келтірілген. Абай шығармаларының шығысқа қарым-қатысын дәлелсіз терістеген Нұрышевтің көрсорырлық ісін аяусыз әшкерелеген. Сөйтіп алмағайып кезде Абайдың жастық шақтағы өлеңдері мен сол өлең сарынындағы шығыстық белгілері арқылы абайтанудың ғылыми негізде сөз етілмеген соны қырларын аша тускен.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай мұрасы жайында|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}