АНЗЮС

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:ANZUS map.svg
АНЗЮС мүшелері.

АНЗЮС (Үлгі:Lang-en) — саяси-соғыс блогі. Құрамында 3 ел:

  1. Үлгі:AUS - Аустралия,
  2. Үлгі:NZL - Жаңа Зеландия,
  3. Үлгі:USA - АҚШ.

Ресми тілі - ағылшын.

АНЗЮС атын құрамындағы елдердің бірінші әріптерінен алынған - (Үлгі:Lang-en).

Блогінің құрылуы

Сурет:RAAFAvroLincolnMalaya1950.jpg
Автралиялық бомбалаушы авиациясы 1950 жылы Малайзия партизандарын бомбалау кезінде

АҚШ, Аустралия мен Жаңа Зеландия елдерінің арасындағы ынтымақтастық Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде басталған. Қырғи қабақ соғыс басталғаннан кейін бұл ынтымақтастықты ұйым ретінде заңдастыру керек болды. Осылай Сан-Франциско қаласында (АҚШ) 1951 жылы 1 қыркүйекте АНЗЮС келісіміне қол қойылып, 1952 жылдың 29 сәуірінде күшіне енді. Келісім уақыты шектелмеген. Ұжымдық қорғауда бастапқы кезде Тынық мұхит аумағы ғана болған, кейіннен блоктың белсенді қорғанысына Үнді мұхиты да кірді.

Блоктың мақсаттары

Сурет:Bush-Howard 2001 review.jpg
АҚШ президенті Джордж Буш және Аустралия премьер-министрі Джон Говард Вашингтонда,10 қыркүйек 2001 жыл

АНЗЮСтың мақсаты - КСРО бастаған дүние жүздік социализм системасына қарсы күресу, Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалысын басып отыру.

АНЗЮС Корея және Вьетнам соғыстарына, Камбоджа мен Лаостың ішкі істеріне белсенді қатысқан.

1991 жылғы Парсы шығанағындағы соғыста АНЗЮС-тың үш елі де БҰҰ-ның халықаралық коалициясына кірген.

Аустралия мен Жаңа Зеландия АҚШ-тың Ауғанстандағы операцияларына, және Ирак компаниясына белсенді қатысқан.

Соңғы жылдары АНЗЮС аумақтағы халықаралық терроризммен күреседі.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998