Корей соғысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қарулы қақтығыс Үлгі:Корея тарихы Корей соғысы (Үлгі:Lang-ko) — 1950 жылдың 25 маусымынан 1953 жылдың 27 шілдесіне дейін (дегенмен соғыстың ресми түрде тоқтағаны туралы жарияланған жоқ) созылған Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы қақтығыс. Негізінен бұл соғысты суық соғыс кезеңіндегі АҚШ-пен ҚХР және КСРО одақтас елдері арасындағы жанама соғыс деп те атайды. Солтүстік коалиция құрамына: Солтүстік Корея және оның қорғаныс күштері: қытай әскері (ҚХР бұл қақтығыста ресми түрде қатыспағандықтан, қытай әскері «қытай халықтық еріктілер» тобына бірікті.); Кеңес Одағы да соғысқа ресми түрде қатыспағанымен, ол соғысты қаржыландыруды және қытай әскерлерін жабдықтандыруды өз мойнына алды. Оңтүстік жақтан соғысқа Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да БҰҰ Қарулы күштерінің құрамындағы елдер қатысты.

Атауы

Ағылшын тілінде корей қақтығысы дәстүрлі түрде «Корей соғысы» (Үлгі:Lang-en) деп аталады, алайда АҚШ-та бұл қақтығыс соғыс емес, «полициялық операция» (Үлгі:Lang-en) болып саналған. Корей соғысы қарсаңында АҚШ-тың президентіГарри Трумэн болған.

Оңтүстік Кореяда бұл қақтығыс әрекеттің басталу мерзімі бойынша «25 маусым оқиғасы», Югио сабён (Үлгі:Lang-ko3) немесе «Корей соғысы» Хангук Чонджэн (Үлгі:Lang-ko3) деген атаулармен танымал. 1990-шы жылдардың басына шейін «25 маусым бүлігі», Югио ран (Үлгі:Lang-ko3) деп аталып келді.

КХДР-нда соғыс атауы — «Азаттық Отан соғысы», Чогук Хэбан Чонджэн (Үлгі:Lang-ko3).

Ал Қытайда болса «Корей халқын қолдау мақсатындағы Америкаға қарсы соғыс» (Үлгі:Lang-zh) немесе «жұмсағырақ» «Корей соғысы» (Үлгі:Lang-zh) деп аталады. Қытай тіліндегі басқа танымал атауы — «韩战/韓戰», «Корей соғысы» сөзінің аббревиатурасы

Тарихи алғышарттар

Сурет:Divided Korea.jpg
Кореяның бөлінуі

Үлгі:Main

Корея 1910 жылдан бастап Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына шейін Жапония отары болды. 1945 жылдың 5 сәуірінде Кеңес Одағы Жапонияға шабуыл жасамау Пактісін бұзды, яғни денонсациялады, ал 6 тамыз күні АҚШ-пен жүргізілген келісім-шартқа сәйкес Жапония империясының соғысын жариялады. Кеңес әскері Кореяға солтүстіктен, ал америкалықтар Корей түбегіне оңтүстіктен келді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

1945 жылдың 10 тамызында Жапонияның капитуляциясына байланысты АҚШ пен КСРО Кореяны 38-ші параллельден солтүстікке қарай Жұмысшы-шаруа қызыл әскері, ал оңтүстікке қарай АҚШ қарамағына өту туралы келісім-шартқа отырды. Осылайша, түбек кеңестік солтүстік аймаққа және америкалық оңтүстік аймаққа бөлінді.

1945 жылдың желтоқсанында АҚШ пен КСРО арасында мемлекетті уақытша басқару жөнінде келісімге қол қойылды. Оңтүстік және солтүстік аймақта үкімет құрылды. Түбектің оңтүстігінде АҚШ БҰҰ-ның қолдауымен сайлау жүргізді; үкімет басшысы ретінде Ли Сын Ман таңдалды. Солшыл партиялар бұл сайлауға бойкот жариялады. Солтүстікте кеңес әскерлері билікті Ким Ир Сен бастаған комунисттік үкіметке берді. Антигитлерлік коалиция елдері уақыт өте келе Кореяның бірігетіндігіне сенді, алайда суық соғыс басталғандықтан КСРО мен АҚШ бірігу туралы келісімге отыра алмады, сондықтан 1947 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы АҚШ президенті Гарри Трумэннің бастамасымен ешқандай референдумдарға және плебисцитке сүйенбестен Корея болашағын өз қолына алды.

Оңтүстік Корея президенті Ли Сын Ман да, Солтүстік Корея Еңбек партиясының бас хатшысы Ким Ир Сен де өздерінің ойларын жасырмады: екеуі де Корей түбегін өз билігіне біріктіруді мақсат тұтты. Екі кореялық мемлекеттің 1948 жылы қабылданған конституциясында екі үкіметтің әрқайсысының мақсаты өз билігін мемлекеттің барлық аймағына тарату екендігін ашық жазды.

ҚХР үкіметі Кореядағы барлық болып жатқан жағдайды жіті қадағалап отырды. Мао Цзэдун америкалық интервенция Азиядағы аймақтардың жағдайын тұрақсыздандырып, оның Тайваньда негізделген, Чан Кайши Гоминьданының күшін жою жоспарын бұзатындығына сенді. 1949 жылдың басынан Ким Ир Сен кеңес үкіметіне Оңтүстік Кореяға шабуыл жасауына көмек сұрау негізінде жүгіне бастады.

Алайда Сталин солтүстік корейлік армияның дайындық деңгейінің жеткіліксіз екендігін және қақтығысқа АҚШ-тың араласуын, осыдан кейін өте ауқымды ядролық соғыстың басталып кету мүмкіндігін сылтауратып Ким Ир Сеннің бұл өтінішін орындамайды. Сталин Кореядағы оқиға жаңа дүниежізілік соғысқа әкеп соқтыруынан сескенді.<ref>Попов И., Лавренев С., Богданов В. Корея в огне войны (Корея — соғыс жалынында). — Жуковский; М.: Кучково, 2005. — С. 74—75.</ref>.

Соғыс барысы

Үлгі:See also

Соғыстың басталуы (25 маусым 1950)

Сурет:Korean war 1950-1953.gif
Майдан тұрақталмайынша аумақ жиі өзгеріп тұрды.
Солтүстік Корея және Қытай әскері
Оңтүстік Корея, Америка және Біріккен Ұлттар әскері

25 маусымның тәң сәрісінде артиллериямен қамтылған солтүстік корейлік әскер оңтүстігіндегі көрші мемлекет арасындағы шекараны кесіп өтті. Құрлықтағы әскер саны 135 мың адам болды, оның құрамында 150 Т-34 танкілері болды, ал әуе-қорғаныс күштерінің саны 172 әскери ұшақ.<ref name="ввс">Тепсуркаев Ю. Г., Крылов Л. Е. «Сталинские соколы» против «Летающих крепостей» («Ұшқыш бекініске» қарсы «Сталиннің қырандары»). — М.: Яуза, Эксмо, 2008. — С. 290.</ref>. Ал Оңтүстік Кореяның құрлықтағы әскер күшінің саны 150 мың адамды құрады.<ref>Ачесон мемлекеттік хатшысының мәлімдемесі, UP, Washington, 2 мамыр 1951</ref>; оңтүстік корейлік армияның қолында бронетехника болмады және санаулы жеңіл оқу-әскери ұшақтар<ref name="ввс" /> ғана болды. Солтүстік Корея үкіметі «опасыз» Ли Сын Манды КХДР территориясына арамза түрде басып кірді деп мәлімдеді. Солтүстік корейлік армияның алғашқы күндегі басқыншылығы сәтті болды. Олар 28 маусымның өзінде Оңтүстік Корея елордасы — Сеул қаласын басып алды. Соққының басты бағыттарын Кэсон, Чхунчхон, Ыйджонбу және Онджин қалаларыда қабылдады. Сеулдің Кимпхо әуежайы толығымен талқандалды. Дегенмен, тамыз айының ортасына таман Оңтүстік Кореяның 90%-ы КХДР армиясымен алынды.

Кореядағы соғыс АҚШ пен басқа да батыс мемлекеттері үшін күтпеген оқиға болды: осыған дейін бір апта бұрын, яғни 20 маусымда Мемлекеттік департаменттің хатшысы Дин Ачесон өзінің АҚШ Конгресіндегі баяндамасында «соғыстың басталуы екіталай екендігін» айтқан.<ref>Paolo Enrico Coletta. The United States Navy and Defense Unification, 1947-1953. — University of Delaware Press, 1981. — P. 248.</ref>. Трумэнге соғыстың басталғанын демалыс күндері отаны Миссуриге кетуімен байланысты тек бірнеше сағаттан кейін ғана айтылды, ал АҚШ мемлекеттік хатшысы — Ачесон Мэрилендте болған<ref>Dennis D. Wainstock. Truman, MacArthur and the Korean War: маусым 1950-шілде 1951. — Enigma Books, 2013. — P. 6.</ref>.

Сурет:C-54 destroyed by North Korean fighters 1950.jpg
Аэродромда солтүстік корейлік истребительдермен жойқындалған, америкалық C-54 Skymaster

25 маусым күні шұғыл түрде Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шақырылды, күн тәртібінде корей мәселесі талқыланды. Америкалықтармен ұсынылған, алғашқы резолюция ешбір «қарсылықсыз», тоғыз мүше «қолдау» білдіріп, қабылданды. Югославия өкілі қалыс қалды, ал кеңестік елші Яков Малик дауыс беруге бойкот жариялады.<ref>http://www.ln.mid.ru/mg.nsf/ab07679503c75b73c325747f004d0dc2/880f42c7b8fdfb5cc3256d3c001caf17?OpenDocumentҮлгі:Deadlink</ref> Ал, келесі мәліметтер бойынша, КСРО Корейлік мәселе бойынша дауыс беруде мүлдем қатыспаған деп жазылған<ref>Gaddis, John Lewis. The Cold War: a new history. ISBN 1-59420-062-9. P. 43</ref><ref>Новейшая история России 1914—2008 // Под ред. М. В. Ходякова. 3-е изд. М.: 2008. ISBN 978-5-9692-0339-6, С. 336.</ref>.

Соғыстың алғашқы айларында болған негізгі шайқастар — Тэджон шабуыл операциясы (3—25 шілде) және Нактонган операциясы (26 шілде — 20 тамыз).

БҰҰ контршабуылы (қыркүйек 1950)

Сурет:Battle of Inchon.png
Инчхон портындағы америкалық десант кемелері

Кері шабуыл 15 қыркүйекте басталды. Бұл кезде Пусан периметрінің аумағында 5 оңтүстік корейлік және 5 америкалық дивизия, Ұлыбритания армиясының бригадасы, шамамен 500 танкі, 1634-тен астам зеңбірек пен әртүрлі калибрлі минометтер және 1120 ұшақ болды.<ref name="Okorokov">Үлгі:Cite web</ref>. Теңізден құрлықтағы күштер тобын АҚШ ӘТФ және одақтас 230 кеме қолдады. Бұған қарсы құрамында 40 танкісі және 881 зеңбіректері бар КХДР армиясының 13 девизиясы төтеп берді<ref name="Okorokov"/>.

Соғысқа Қытай мен КСРО-ның қосылуы (қазан 1950)

Сурет:Chosin.jpg
Теңіз жаяу әскері Чосиннен шегінуде

Қыркүйектің соңында солтүстік корейлік қарулы күштерінің талқандалғандары және Корей түбегінің аумағы америкалық-оңтүстік корейлік армияның үстемдігіне өтуі тек уақыттың еншісінде қалғаны белгілі болды. Осындай жағдайларда қазан айының бірінші аптасында КСРО және ҚХР басшылығының арасында белсенді талқылаулардың жүргізілуі жалғаса берді. Соңында Қытай армиясының бөлігін Кореяға жіберуді ұйғарады. Бұндай нұсқа 1950 жылдың көктемінде Сталин мен Ким Ир Сеннің Мау Зыдоңға Оңтүстік Кореяға шабуыл жасайтындығын жеткізген кезде қарастырылған болатын.

Егер 38 паралельді корейлік емес әскер күші басып өтетін болса, ҚХР соғысқа қосылатындығын ашық жариялады. Қазан айының басында бұл ескерту БҰҰ-на Қытайдағы Үндістан елшісі арқылы жіберілді. Алайда АҚШ президенті Трумэн Қытайдың бұл соғысқа қатысуы елеулі орын алатындығына сенбеді, сондықтан ол бұл Қытайлық ескертуді «БҰҰ-ын бопсалау әрекеті» деген баға берді.

1950 жылдың 8 қазанында америкалық әскер Солтүстік Кореяның шекарасын басып өтеді, осыдан кейін келесі күні Қытай Төрағасы Мао қытай армиясына Ялуцзян өзенінің жағасына келіп, оны басып өту керектігін бұйырды. Мао Сталинге: «Егер біз АҚШ-тың Корей түбегін толығымен жаулап алуына жол берсек […], онда біз олардың Қытайға соғыс ашуына дайын болумыз керек», — деді. Қытай премьері Чжоу Эньлай Мәскеуге дереу жөнелтіліп, Маоның пікірін кеңес басшылығына жеткізді. Мао Сталиннен көмекті күту мақсатында соғысқа қосылуын 13 қазаннан 19 қазанға ауыстырады.

Алайда КСРО әуеден қорғанысын шектеді, себебі кеңестік МиГ-15 майдан жолағына 100 км-ден астам жақындауға болмайтын еді. Кеңестік МиГ-15 ұшақтары америкалық F-80 ұшақтарына үстемдік етті. Бұған жауап ретінде АҚШ қақтығыс аймағына F-86 ұшақтарын енгізді. КСРО-ның әскери көмегі туралы ақпарат АҚШ үшін мәлім болды, алайда халықаралық ядролық қақтығыстан құтылу мақсатында АҚШ ешқандай шара қолданбады<ref name="Тарасов">Тарих ғылымдарының кандидаты В. А. Тарасов</ref>.

1950 жылдың 15 қазанында Трумэн Корей соғысының ауқымын шектеу үшін Қытай интервенциясының және қолданатын шараларының мүмкіндіктерін талқылауға Уэйк атоллына аттанады. Ол жерде Трумэнді генерал Макартур «егер Қытайлықтар Пхеньянға баруға тырысса, ол жерде ауқымды шайқас болтындығына» иландырды.

Қытай енді шыдай алмады. Қазан айының ортасында соғысқа Қытай күштерінің енуі туралы мәселе шешіліп Мәскеумен келесілді. 270-мыңдық Қытай әскерінің шабуылы Пэн Дэхуаяның басшылығымен 1950 жылдың 25 қаңтарында басталды. Тұтқиыл шабуылдың нәтижесін қолданған Қытай армиясы БҰҰ қорғаныс күшін талқандап, кейін таулы аймақтарға шегінді.

Қазан айының соңында қытайлықтар екінші шабуылын бастады. Ханган мен Пхеньян арасында қолайлы қорғаныс позициясын қолданып отырған америкалықтарды бері шығарып алу мақсатында Пэн дүрбелең жағдайды имитациялауға бұйырады.

Бітім туралы шартқа қол қою және кейінгі жағдайлар

1952 жылдың 4 қараша айында АҚШ президенті болып сайланған Дуайт Эйзенхауэр, өзінің лауазымына ие болмай жатып Кореяға іссапар жүргізеді. Ол өз іссапарында соғысты тоқтату мәселесін қарастырды. Алайда 1953 жылдың 5 наурызындағы Сталиннің өлімі КОКП ОК Президиумы соғысты тоқтату үшін дауыс берді. КСРО тарапынан қолдаудан айырылған Қытай тұтқынға түскендерді өз еркімен репатриаяциялауға келісті.

БҰҰ Үндістанның оқ жаудыруды тоқтату туралы ұсынысын қабылдағаннан кейін, 1953 жылдың 27 шілдесінде келісім тағайындалды. Бейбіт келісім жасасу мақсатында, алайда нәтижесіз қалған, 1954 жылдың сәуірінде Женевадағы бейбіт конференциясы шақырылды. Солтүстік пен Оңтүстік өзінің бума-бума ұсыныстарын ұсынды, алайда бұл ұсыныстар бір-бірімен көп келісе қоймады. Дегенмен «солтүстік» кейбір жеңілдіктерге келісім берді, алайда АҚШ пен оның одақтастары ультимативті позиция ұстанып отырды.

1958 жылдың қаңтарында АҚШ Оңтүстік Корея шекарасында ядролық қару орналастырды, бұл әрекет бітім туралы Келісімнің 13d тармағына қарама-қайшылық тудырды. Ядролық қарулар 1991 жылы мемлекеттен тыс шығарылған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

1991 жылы 13 желтоқсан айы ҚХДР мен Корея Республикасы бітім, шабуылдамау, серіктестік пен әріптестік және өзара алмасулар жүргізу туралы Келісімге қол қойды. Бұл қелісімде қос корейлік мемлекет өздерінің тәуелсіздігін және дербестігін мойындады. КР мен КХДР өзара бір-бірінің ішкі саяси істеріне араласпауға, жаулық әрекеттерді қолданбауға, бір-бірінің әлеуметтік-экономикалық жүйелерін құрметтеуге міндетті болды.

Алайда ертеде қол жеткізген келісім 2010 жылы Ли Мён Бактың қатысымен жоққа шығарылды. («Чхонан» күзетші кемесін батыру оқиғасы болғаннан кейін), ал 2013 жылғы сәуір дағдарысы ҚХДР 1953 жылғы Келісім мен 1991 құжат ережелерін орындаудан бас тартуға әкеп соқтырды. 2013 жылдың 8 наурызында ҚХДР үкіметі Оңтүстік Кореямен жүргізілген Бітім шартты жойды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

29 мамыр 2013 ж. КХДР Оңтүстік Кореяға бітім шартқа қол қоюды ұсынды.

Соғыс сипаты

Статистика

Әскер саны (адам):<ref name=data>Тараптардың күштері және шығындар</ref>

Барлығы: 933 845 бастап 1 100 000 дейін.

Сондай ақ өз қызметтерін ұсынғандар: Никарагуа, Аргентина, Судан, Куба.

  • Солтүстік коалиция (мәліметтер жуықталған):<ref name=data/>
    • Үлгі:Flag — 260 000
    • Үлгі:Flag — 780 000
    • Үлгі:Flag — 26 000 дейін, негізінен пилоттар (535), зенитшілер мен әскери кеңесшілер

Барлығы: шамамен 1 060 000.

Соғыс салдары

Корей соғысы Суық соғыс кезінде болған жалғыз қарулы қақтығыс болды және келесі қақтығыстардың алғы шарты болды. Ол жергілікті соғыстың үлгісін құрды. Бұл соғыс қос астам державаның шектеулі аумағында, атом ядросын қолданбай соғысқан қақтығыс сипатында болды.<ref>Үлгі:Cite news</ref>.

Корея

Сурет:Panmunjeom2.jpg
Пханмунджомдағы Солтүстік және Оңтүстік Корея шекарасы

Қос мемлекеттің де 80 %-дан астам өнеркәсіптік және транспорттық инфрақұрылымы бұзылды.

Соғыстың аяқталуымен түбек сол қалпы екіге бөлінген қалпы қалды. Қос аймақта сәйкесінше КСРО мен АҚШ үстемдік құрды.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі 1953 жылы тоқтатылған соғыс әрекеттері кезінде КХДР барлық оңтүстік корейлік тұтқындарды босатпау туралы ұйғарады. Көптеген жылдар өткеннен кейін ҚХДР-дан Оңтүстік Кореяға тұтқындар қайтып оралып жатты.<ref>КХДР-да Оңтүстік Кореяның 496 тұтқындары қалып қалған (РИА Новости, 24 қазан 2003)</ref>

Үлгі:See also

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Жақсы мақала