Ішірткі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ішірткінауқас адамдардың дертіне шипа болу үшін молдалар жазып беретін дұғалық. Ішірткіде Құранның белгілі бір аят, сүрелері қағазға немесе ыдысқа жазылып, науқас оны суға езіп ішеді. Белгілі бір ас, тағам түрлеріне немесе суға да дұға оқылып, үшкіріліп, Ішірткі ретінде ұсынылуы мүмкін. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ішірткі дін жолында жүрген, тақуа, ғұла-ма, аузы дуалы адам тарапынан жазылса дертке шипа, жанға дәру болады деген сенім қалыптасқан.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ішірткі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}