Ішік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ішік — қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілетін терінің түріне қарай: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік т. б. деп аталады. Ішік тігетін теріні шел майынан, көк етінен арылтып алған соң ашыған айран жағын илейді. Тері әбден иі қанғанда ирек ағатпен тарап, қолмен уқалап, керіл-созыл жұмсартылады. Ішікті жөрмеп тігеді және тігістерінің бәрі тірінің тақыр жағына қарайды. Жұқа терілерді мақта жіппен тіксе, ал қалың терілерге жүн жіп пайдаланылады. Ішіктің іші дайын болған соң, оның тақыр бетіне бидай шүберек көктейді де барқыт, шұға, пүліш сияқты қалың тыстық маталармен тыстайды. Қасқыр ішікке қасқыр не түлкі терісінен, сеңсең ішікке елтіріден, басқа түрлеріне құндыз не бұлғын теріснен жаға салынады. Ішік екі маусымда киюге арналған жылы киім. Мысалы қасқыр ішік, түлкі ішік, бөкебай ішік, қарсақ ішік, бұлғын ішіктер қыста, пұшпақ ішік, зорман ішік, жанат ішік, елтірі ішіктер қара күзде, көктем айларында киюге арналған. Сеңсең ішік, қасқыр ішіктерді ерлер, қалған түрлерін көбінесе әйелдер киген. Әйелдер мен бойжеткендер киетін ішіктер өте сәнді етіп тігіледі. Олардың өңіріне, жеңінің аузына, етегіне айналдыра құндыздан, сусардан жұрын ұстайды. Тысына жібекпен кесте тігеді. Елтірі ішік аса марқаймаған қозының бұйра елтірісінен тігіледі. Сеңсең ішік — марқа қозының терісінен сеңсеңінен тігіледі. Орман ішік түлкінің тамақ терісінен, пұшпақ ішік — түлкінің пұшпақ терісінен тігіледі. Ішіктің қайсы түрі болса да әрі жылы, әрі киюге сәнді тамаша киім.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}



{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ішік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}