Елтірі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елтірі–– туғаннан кейін 2 – 3 күн ішінде сойылған қозы терісі. Елтірі қойдың қаракөл, соколов, решетилов сияқты арнайы тұқымдарының қозыларынан ғана алынады. Ең сапалы және көп өндірілетіні – қаракөл елтірісі. Сондықтан Елтіріні қаракөл деп те атайды. Енесі буаздығының 135 – 140 күндері, мерзімінен бұрын, шала туған қозының Елтірісі қаракүлше, жылбысқы деп аталады және жоғары бағаланады. Елтірінің шелі жұқа әрі берік. Осыған байланысты Елтіріден тігілген киім жеңіл болады, ұзақ киіледі. Елтірінің сапасы мен құндылығы түсіне, түгінің бұйралығына, мөлшеріне байланысты. Түсі көбінесе қара (мөлдір қарадан солғын қараға дейін), көк (ашық көктен қара көкке дейін), кейде сұр, қоңыр, қызғылт, ақ болады. Елтірінің толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4,5 мм-ге дейін), орташа бұйра гүлді (ені 4,5 – 7 мм), ірі бұйра гүлді (7 мм-ден артық) болып бөлінеді. Орташа бұйра гүлді Елтірі жоғары бағаланады. Елтірі өндірумен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының қой ш-тары айналысады. Елтіріден бөрік, ішік, т.б. тігіледі, жаға жасалады. <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Елтірі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}