Ісләм Жарылғапов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ісләм Жарылғапов (4 тамыз 1918 жыл Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Бірлік ауылы) - жазушы, журналист, аудармашы.

  • Алматы педагогикалық училищесін бітірген (1942).
  • Мәскеу Жоғары дипломатия академиясының тыңдаушысы болған (1944-1945).
  • мектеп мүғалімі
  • институт оқытушысы
  • Алматы облыстық комсомол комитетінің хатшысы
  • БЛКЖО Орталық Комитетінің (Мәскеуде) нұсқаушысы
  • Алматы қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
  • Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1946—1952)
  • Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері
  • «Жазушы», «Қазақстан» баспаларының аға редакторы, редакция меңгерушісі
  • Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің алқа мүшесі
  • Өнер басқармасының бастығы
  • Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы
  • «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы
  • «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары
  • Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, аударма кеңесінің төрағасы секілді қызметтер атқарған.

Шығармашылығы

Көркем әдебиет саласында М.Горький, М.Шолохов, А.Герцен, Л.Толстой, А. Пушкин, Ф.Ниязи, Ә.Несин, У - Ян, К.Цеткин, В.Бердаль, И — Р. Бехер, т.б. жазушылардың әр жанрдағы шығармаларын қазақшалаған. Ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тілі қорын 500-ден астам жаңа терминдермен байытты.

марапаттары

  • «Үздік мұғалім»
  • «Үздік мәдениет қызметкері»
  • «Үздік баспасөз қызметкері» атақтарының иегері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}