Өзкент
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өзкент, Өгізкент – ортағасырлық қала.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақжол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. Ортағасырлық араб деректерінде Сырдарияның сол жағалауындағы сауда орталықтарының бірі болған қала ретінде жазылған. Қалашықты алғаш 1900 жылы В.А. Каллаур, 1969 – 1970 жылдары Отырар археологиялық экспедиция (жетекші К.Ақышев), 2004 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тұран археологияылық экспедиция (жетекші М.Елеуов) зерттеген. Қаланың жобасы көпбұрышты, мықты қорғаныс қабырғасымен қоршалған. Сол қабырғалардың бойында 15 күзет мұнара орындары сақталған. Қалашықтың өлшемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 250 – 300 м. Қорғаныс қабырғасының сыртынан айналдыра қазылған ордың тереңдігі 2 м, ені 10 м шамасында. Қалаға кіретін қақпаның орны шығыс шетінде орналасқан, оның ені 8 – 10 м. Зерттеу барысында табылған заттар қаланың 8 – 12 ғасырларда өмір сүргендігін көрсетеді.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өзкент|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}