Әлім Байжанұлы Бижанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әлім Байжанұлы Бижанов (16 қаңтар 1961 жыл, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Абай ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1999 жыл), профессор (2005 жыл).
- Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1984 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті)
- Орта Азия мемлекеттік университетін (2003 жылы) бітірген.
- 1984–86 жылдары Ақтөбе облысы, Мартөк ауданында мал дәрігері
- 1986 жылдан Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі қызметінде.
- Ғылыми еңбектері жылқы малының жұқпалы ауруларының таралуы және оған қарсы күрес шараларын зерттеуге арналған.
- 157-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 17 патент пен 3 авторлық куәлігі бар.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}