Әлім Байжанұлы Бижанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әлім Байжанұлы Бижанов (16 қаңтар 1961 жыл, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Абай ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1999 жыл), профессор (2005 жыл).
- Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1984 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті)
- Орта Азия мемлекеттік университетін (2003 жылы) бітірген.
- 1984–86 жылдары Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында мал дәрігері
- 1986 жылдан Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі қызметінде.
- Ғылыми еңбектері жылқы малының жұқпалы ауруларының таралуы және оған қарсы күрес шараларын зерттеуге арналған.
- 157-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 17 патент пен 3 авторлық куәлігі бар.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref><ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5</ref>
Дереккөздер
<references/>