Үйдене бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:25, 2014 ж. қаңтардың 15 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Үйдене бөгені, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы жерінде, Сауыр жотасының етегінде орналасқан. Зайсан ауданы шаруашылықтарының 13 мың га-дан астам егістік жерлерін суару үшін Үйдене өзеннің бойына салынған. Электр қуатын өндіретін шағын қондырғысы бар. Бөген 1966 ж. іске қосылды. Ауданы 4 км2 шамасында. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 3,8 км, орташа тереңдігі 19,3 м, ең терең жері 63,5 м, жағасының ұзындығы 21,2 км. Шарасына толатын су мөлшері 75,5 млн. м3 (1982 ж. — 38, 1983 ж. — 30 млн. м3 болды). Су жиналатын алабы 634 км2. Бөген мен Үйдене өзеннің суына негізделіп, осында 1967 ж. Үйдене суару жүйесі салынды. Жүйе басталар жерінде өзеннен секундына 55 м3 су алады. Жалпы ұзындығы 200,2 км, оның ішінде бас каналы 21,4 км. Негізінен шөл егістігі және бақша суарылады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}