Бақша өсіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақша өсіруегіншілік саласы. Бақша өсіру Қазақстанның құмды және құмдақ топырақты жерлерінде жақсы дамыған. Бақша дақылдарынан мол өнім алу үшін тыңайтқыш шашу, ықтырма жасау, көп жылдық ауыспалы шөп егістері мен орман алқаптарын пайдалану керек. Құмды жер көбіне үш жылда бір рет терең сүдігер жыртылады. Жерді өңдейтін ең қолайлы кезең – күз. Жерді күзде өңдеген кезде қыста қар астында қалатын топырақтың неғұрлым ірі кесекті болуын қадағалау қажет. Күзде жақсы өңделген жер қыртысын көктемде тереңдігі 15 – 20 см-дей етіп қайта жыртады. Жерді тыңайту үшін ең көп тараған органикалық тыңайтқыштар көң, шымтезек, құс саңғырығын шашады. Минералды тыңайтқыштарды (азот, фосфор, калийді) қолданғанда, бақша дақылдарының өнімділігі ғана артып қоймайды, сонымен қатар сапасы жақсарады, қызанақ, қияр, пияз, капустаның пісіп-жетілу мерзімі қысқарады. Бақша өсіруде тұқымды дұрыс себе білу қажет. Егер тұқым терең себілсе, оның көктеп шығу мерзімі ұзарады немесе мүлдем өспей қалады. Ал өте тайыз себілген тұқымға ылғал жетіспейді, себебі, топырақ беті әдетте тез кебеді. Мысалы, шалқан, сәбіздің тұқымы 1 – 2 см, қызылша, қиярдікі – 2 – 3 см, ал бұршақ, бадана, т.б. бақша дақылдары 3 – 4 см тереңдеу себіледі. Бақша дақылдарын суғару мөлшері топырақ құрылымы мен оның ылғалдылығына байланысты өзгеріп отырады. Жүйектерді бұзып, өсімдікті шайып кетпес үшін суды себелеп немесе баяу жібереді. Су өсімдіктің тамырына жетуі, яғни 15 – 20 см тереңдікке сіңуі тиіс.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақша өсіру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}